1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

"Бәріне міндетті ме?" Ashyq туралы маңызды 5 сұраққа жауап 19 марта 2021, 12:23

Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Ashyq пилоттық жобасына қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі Фото: Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Ashyq пилоттық жобасына қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

22 қаңтардан бастап Ashyq қосымшасы Infokazakhstan.kz платформасымен біріктірілді. Платформа арқылы қатысушы өтінім беріп, QR-код ала алады.

Пилоттық жобаның бірінші кезеңі 17 қаңтардан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында жүзеге асырыла бастаған. 17 наурыздағы жағдай бойынша пилоттық жұмыс бойынша, ASHYQ қосымшасын жүктеу саны - 32 808. Барлығы 233 нысанға QR-код берілді. Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында 62 QR (пилоттық жобаға қатысушылар саны 35);

Алматы қаласында 110 QR (пилоттық жобаға қатысушылар саны 52);

Қарағанды қаласында 34 QR (пилоттық жобаға қатысушылар саны 16).

Пилоттық жоба кезеңдері қандай?

Жобалау кеңсесінің шешімі бойынша, пилоттық жоба 5 кезең бойынша жұмыс істейді:

Бірінші кезең: барлық аймақтар үшін ресепшн бар рұқсат етілген қызмет түрлері (фитнес-орталықтар, спа-орталықтар, бассейндер, сауналар)

Екінші кезең: компьютерлік және боулинг орталықтары;

Үшінші кезең: кинотеатрлар және онлайн брондау мүмкіндігі бар барлық нысандар;

Төртінші кезең: жұмыс жасауға тыйым салынған қызметтің барлық түрлері (оның ішінде фудкорт, банкет залдары, караоке);

Бесінші кезең: Ashyq-ті барлық аймақтарға тарату.

Қандай кәсіпкерлік нысандарда Ashyq-ты қолдануға рұқсат берілген? 

1) фитнес-клубтар;

2) спа орталықтары;

3) сауналар, бассейндер;

4) компьютерлік клубтар (18 жасқа дейінгі тұлғаларды қоспағанда);

5) боулинг клубтары.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік нысандар келесі шарттардың орындалуын қамтамасыз етуі қажет:

1) жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне келушілерді кіргізу кіреберісте орналасқан QR-кодты сканерлеген жағдайда ғана іске асырылады (келушінің мәртебесін айқындау үшін)

- "жасыл" түсті мәртебе - келуші деректер базасында covid-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен ретінде белгіленген;

- "көк" түсті мәртебе - ПТР-тестілеу нәтижесі жоқ, covid-19 жұқтырған науқаспен байланыста болмаған;

- "сары" түсті мәртебе - деректер базасында covid-19 жұқтырған науқаспен байланыста болған;

- "қызыл" түсті мәртебе - деректер базасында covid-19 оң нәтижесімен тіркелген.

Келушілерде смартфон болмаған жағдайда не болады?

Келушіде смартфон болмаған жағдайда кәсіпкерлік объектісінің қызметкері келушінің мәртебесін оның келісімімен ақпараттық жүйеде тексереді.

"Сары" (covid-19 жұқтырған науқаспен байланыста болған), "қызыл" (COVID-19-ға оң нәтижесімен тіркелген) мәртебесіне сәйкес оқшаулауға жататын тұлғалар пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік нысандарға кіруіне жол берілмейді.

Сондай-ақ, пилоттық жобаның барлық қатысушыларына келушілердің QR-кодты сканерлеу ережелерін қатаң сақтау керек. Деректер үнемі өңделіп, жинастырылады және сканерлеу көрсеткіштері төмен қатысушылар пилоттық жобадан шығарылатын болады.

Қосымшаны барлық адам қолдануы міндетті ме?

Бұл жобаға қатысу бәріне міндеттелмейді. Оған қатысуға әркім жеке шешім қабылдайды.

"Кәсіпкердің өзі бұл пилоттық жобаның пайдасын көре отыра қатыса алады. Нақты жалпы қанша кәсіпкер пилоттық жобаға қатысатынын айта алмаймын. Сондықтан егер пилоттық жобаға қатысушылар саны көбейіп жатса, біз оған, әрине, қуанамыз", - деді Айтуар Қошмамбетов Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте. 

Кәсіпкерлер жобаға қатысып, бірақ келушілерді QR-кодсыз кіргізген жағдайда не болады?

Айтуар Қошмамбетовтің сөзінше, бүгінде қосымша белсенді түрде қолданылып жатыр. Бірақ оның ішінде жобаға қатысып, қосымшаны қолданбайтын кәсіпкерлер де бар. 

"Олар адамдарды ғимаратқа Ashyq-сыз кіргізіп жатады. Мұнда жағдайда біз күн сайын оларды пилоттық жобадан шығарып тастаймыз", - дейді Айтуар Қошмамбетов. 

Еске салайық, коронавирусқа қарсы вакцина салғызған қазақстандықтардың жеке иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-коды болатыны туралы 2 ақпанда хабарланған болатын. Ол "Ашық" медициналық қосымшасымен біріктірілген. Онда медициналық ақпараттық жүйелердегі азаматтар бойынша, оның ішінде QR-код құралдары бойынша тексеруге ұсыну үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өту туралы деректер жинақталады

Разделение по цветам и пропуск по QR-коду: подробности новой системы

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!