РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
06 февраля 2020 | 17:50

Бектенов құрмет көрсету мен парақорлықтың ара-жігін ашып берді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов "құрмет көрсету мен пара беру" түсінігін ажыратып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов "құрмет көрсету мен пара беру" түсінігін ажыратып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілістегі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы таныстырылды. Маңызды құжаттағы өзгерістерді Олжас Бектенов түсіндірді.

Отырыс барысында депутат Құдайберген Ержан агенттігік төрағасының бірінші орынбасарына өзін толғандырған сұрақты қойды.

"Қазақстан - көпұлтты мемлекет. Түрлі ұлттың және қазақтың дәстүрі бар. Ол жастарды тәрбиелеу үшін, жақсы азаматтарды халыққа таныстыру мақсатында ұйымдастырылады. Мысалы, бір елдің тумасы жақсы жетістікке жеткен кезде халық оны мақтаныш етіп, жастарға өнеге болсын деп оған ат мінгізіп, шапан да жауып жатады. Бұл тек қазақтаға ғана емес, Қазақстандағы кавказ ұлттары арасында кездеседі. Осы жағдайды қалай бағалайсыз?", - деді ол.

Осы орайда Олжас Бектенов "құрмет көрсету мен пара беру" түсінігін ажыратып берді.

"Егер мемлекеттік қызметкердің немесе басқа адамның пайдасына қандай да бір әрекет жасалмаса, ол "пара" деп саналмайды. Мысалы, "мен саған сыйлық берейін мына құжаттарды тезірек шығаршы немесе осы шешімді қабылда" десе, ондай жағдайды біздің құзыретімізге тергеу жүргізу міндеті жүктеледі. Ал басқа жағдайларды біз сыбайлас жемқорлық ісі ретінде қарастырмаймыз", - деп түйіндеді сөзін жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 482.86   534.87   5.11 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети