1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

Болашақ аналар алаңдамауы керек - Надыров Алматыдағы перзентханалардың қауіпсіздігі туралы22 июля 2020, 16:40

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматыдағы барлық перзентханада коронавирус инфекциясын жұқтырған жүкті әйелдерді қабылдайтын бөлім бар. Мұндай мекемелер инфекцияны бақылаудың қатаң талаптарына сай келеді. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Камалжан Надыров қаладағы барлық перзентханада коронавирус жұқтырған жүкті әйелдерді қабылдайтын арнайы бөлім барын атап өтті. Оның айтуынша, басқа жүкті аналар да бұған алаңдауға негіз жоқ. Себебі "барлық перзентхана инфекцияны бақылаудың қатаң талаптарына сай келеді".

"Әсіресе пандемия кезінде барлық әйелге қауіпсіз босану, босануға дейінгі және босанғаннан кейінгі күтім қолжетімді болуы маңызды. Қаладағы барлық перзентханада коронавирус инфекциясын жұқтырған жүкті әйелдерді қабылдайтын бөлім бар. Сонымен қатар, № 4 перзентханаға 105 төсек орын қосылады. Сондықтан диагнозы расталған болса да, болашақ аналар алаңдамауы керек. Барлық перзентхана инфекцияны бақылаудың қатаң талаптарына сай келеді", - деді ол Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткенде онлайн-брифингте. 

Еске салайық, кеше денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде 40-қа жуық жүкті коронавирус індетін жұқтырып, қайтыс болғанын айтқан.

Алматыда 9 635 адам COVID-19 жұқтырды. 5 796 науқас дертінен айықты, 73 адам қайтыс болды. Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 75 153-ке жетті. 46 790 науқас жазылды, 585 адам аурудан көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!