Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 июня 2020 12:47

"COVID-19 белгілері барын айтпаған". Коронавирустан қайтыс болған қазақстандықтар туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Кеше Қазақстанда бір тәулікте үш адам коронавирустан қайтыс болған. Елімізде COVID-19-дан көз жұмғандар саны 41-ге жетті. Tengrinews.kz тілшісі соңғы бірнеше күнде вирустан қайтыс болған қазақстандықтар туралы мәліметтер жариялайды.


Кеше Қазақстанда бір тәулікте үш адам коронавирустан қайтыс болған. Елімізде COVID-19-дан көз жұмғандар саны 41-ге жетті. Tengrinews.kz тілшісі соңғы бірнеше күнде вирустан қайтыс болған қазақстандықтар туралы мәліметтер жариялайды.

59 жасында коронавирустан көз жұмған

18 мамырда Алматыда коронавирустан тағы бір адамның қайтыс болғаны хабарланған. Бұл елімізде қауіпті індеттен көз жұмған 35, Алматыда оныншы адам болатын.

Науқас туралы деректер аз. Белгілісі ол - 1961 жылы туған әйел адам.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдаған.

Қатерлі ісікке шалдыққан

26 мамырда түнгі уақытта Қазақстанда коронавирустан тағы екі науқастың дүниеден өткені белгілі болды. Оның бірі - Қостанай облысының тұрғыны. Әйел адам 1965 жылы дүниеге келген.

Облыстық жедел штабтың мәліметінше, Жітіқара қаласының тұрғыны бұрын вирус жұқтырған науқаспен бір подъездте тұрған. Дәрігерлердің айтуынша, оның бірінші дәрежелі сүт безі қатерлі ісігі болған және ол онкологиялық диспансерде есепте тұрған.

23 мамырда ПТР сараптамасынан кейін әйелден COVID-19 табылған. Қатерлі ісікке шалдыққан әйел рентгенографиядан өткен кезде, одан екі жақты полецементаль пневмония анықталған.


© Reuters

Науқастың жағдайы нашарлап, температурасы көтерілген, жөтеліп, құсып, әлсіздік пайда болған. Кейін дәрігерлер оны жедел түрде Рудный қалалық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызған. Онда трахеаль интубация кезінде жағдайы күрт нашарлап, 25 мамырда жүрегі тоқтаған.

Ал екінші науқас - Нұр-Сұлтан тұрғыны. 1965 жылы дүние келген. Бірақ ер адам туралы ешқандай дерек жоқ.

"Екі рет жүрегі тоқтаған". Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?

Шымкентте 75 жастағы әйел көз жұмған

29 мамырда Қазақстанда 38-ші адам коронавирустан көз жұмды. Бұл жолы Шымкенттегі науқас қайтыс болған. Науқас - 1945 жылы туған әйел адам.

Бұл COVID19-дан Шымкенттегі жетінші адам өлімі болатын.

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Ерлі-зайыпты коронавирустан бір айда қайтыс болған

Ал кеше кешкі сағат алтылар шамасында тағы екі науқастың көз жұмғаны белгілі болды. Оның бірі - 1956 жылы дүниеге келген әйел. Павлодар облысының тұрғыны екен.

Науқас әйелдің жары 8 мамырда коронавирустан қайтыс болған. Ал 64 жастағы әйел жарынан кейін үш аптадан соң көз жұмған. Павлодар тұрғыны ауруханада өмірінің соңғы бір айдан аса уақытын өткізген.

"Науқас көптеген жыл бойы жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті және созылмалы бүйрек аурулары бойынша тіркеуде тұрған. 26 сәуірде науқастың жағдайы нашарлады, ол жансақтау бөліміне ауыстырылды. Ал 6 мамырда ол жасанды тыныс беру аппаратына қосылды", - деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау департаментінде.

Қарқынды терапияға қарамастан, әйел адам 30 мамыр 02:25-те қайтыс болған.


РИА Новости©

"Қатерлі ісікпен есепте тұрған". Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?

Бірнеше қосымша ауруы болған

Кеше Шымкент қаласында тағы бір адам өлімі тіркелген. Ер адам 1959 жылы туған, Еңбекші ауданының тұрғыны.

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 61 жастағы азамат 19 мамырда жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Науқастан зертханалық сынама алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.

"Азаматтың денсаулық жағдайының ауырлығына байланысты 20 мамырда жансақтау бөліміне ауыстырылған. Науқас ИВЛ аппаратына қосылған. Науқастың қосалқы ауруы: Артериялық гипертензия 3-дәрежесі. Өте жоғары қауіпті топ. Қант диабеті 2-типі, декомпенсация сатысында . Семіздік ауруының 2-дәрежесі. Сондай-ақ науқастың қайтыс болу себебі өкпе артериясының тромбоэмболиясы ауруының асқынуы", - делінген хабарламада.

Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 30 мамыр күні, сағат 22:10-да науқас қайтыс болды.

Теңіз кен орнында жұмыс істеген

Сондай-ақ, кеше елімізде тағы бір адам өлімі тіркелді. Батыс Қазақстан облысының 1967 жылы туған тұрғыны қайтыс болған. Бұл - COVID-19-дан еліміздегі 41-ші адам өлімі.

53 жастағы науқас Теңіз кен орнында жұмыс істеген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ер адам Оралға 3 мамырда автобуспен келген. Тексеру пунктінде коронавирусқа сынама алу үшін карантиндік стационарға жатқызылған.

Алғашқы сынамада коронавирус табылған соң, ол үйдегі карантинге жіберілген. 10 мамырда науқаста COVID-19 белгілері пайда болғанымен, ол тоғыз күн бойы дәрігерлерге оны айтпаған.

19 мамырда науқас төсектен тұра алмай, жағдайы нашарлаған. Үйіне барған жедел жәрдем қызметі оны стационарға жеткізіп, коронавирусқа сынама алған. Бұл жолы тест оң нәтиже көрсеткен.

Жансақтау бөлімінде науқастың жағдайы нашарлай берген. Қарқынды терапиядан өтсе де, 30 мамырда жүрек және тыныс алу қызметі тоқтаған. Жүргізілген реанимациялық шаралар нәтиже бермей, науқас 30 мамырда көз жұмған. Коронавирустан бөлек қосымшалары аурулары болмаған.

"Үйінде өз бетінше емделген". Нұр-Сұлтанда коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі? 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети