Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
07 июля 2020 18:18

COVID-19 жұқтырғандар 50 мыңға жақындады. Күннің басты жаңалықтары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейрамнан кейінгі күні Қазақстанда бірқатар маңызды жаңалық болды. Мысалы, елімізде коронавируспен күреске қанша қаражат бөлінгені немесе Елорда күніндегі отшашу себебі айтылды. Tengrinews.kz тілшісі 7 шілдедегі басты жаңалықтарға шолу жасады.


Мейрамнан кейінгі күні Қазақстанда бірқатар маңызды жаңалық болды. Мысалы, елімізде коронавируспен күреске қанша қаражат бөлінгені немесе Елорда күніндегі отшашу себебі айтылды. Tengrinews.kz тілшісі 7 шілдедегі басты жаңалықтарға шолу жасады.

Тағы мыңнан аса адам COVID-19 жұқтырған

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 50 мыңға таяп қалды. Кеше елімізде тағы 1109 адамнан COVID-19 табылған. Оның 649-ы - симптомсыз науқастар.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 95 / 42
Алматы қаласы - 157 / 41
Шымкент қаласы - 39 / 32
Ақмола облысы - 32 / 25
Ақтөбе облысы - 86 / 59
Алматы облысы - 51 / 40
Атырау облысы - 101 / 94
Шығыс Қазақстан облысы - 62 / 30
Жамбыл облысы - 59 / 32
Батыс Қазақстан облысы - 128 / 102
Қарағанды облысы - 93 / 52
Қостанай облысы - 63 / 22
Қызылорда облысы - 7 / 5
Маңғыстау облысы - 13 / 13
Павлодар облысы - 52 / 34
Солтүстік Қазақстан облысы - 19 / 7
Түркістан облысы - 52 / 19.

Осылайша, елімізде барлығы 49 683 адамнан коронавирус анықталды. Оның 16298-і аурудан жазылса, 264 адам қайтыс болған.


Фото Тұрар Қазанғапов 

Мамин коронавирус жұқтырған ба?

Желіде премьер-министр Асқар Мамин коронавирус жұқтырып, ем алып жатқаны туралы хабарлама тараған болатын. Бүгін бұл ақпарат жоққа шығарылды.

Үкіметтің баспасөз қызметі бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады. Қазір Асқар Мамин кесте бойынша жұмыс істеп жатыр екен.

"Telegram-да кейбір каналда премьер-министр Асқар Маминнен коронавирус анықталып, емделіп жатқаны туралы тараған хабарлама шындыққа сәйкес келмейді, ол фейк. Қазіргі уақытта үкімет басшысы жұмыс кестесі бойынша жұмыс істеп, 10 шілдеде Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындалып жатыр", - деді үкіметтегілер.

Елімізде коронавирус туралы тарап жатқан фейктер азаймай тұр. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус туралы тарап жатқан жалған ақпараттар топтамасын жасады.

Коронавирус жұқтырған тағы бір әкім айықты 

Ал коронавирус жұқтырған шенеуніктердің бірі Архимед Мұхамбетов аурудан жазылды. Қостанай облысының әкімі екі аптадай емделген болатын. Оның вирус жұқтырғаны туралы ақпарат 24 маусымда шыққан еді.


Фото: kstnews.kz

Өңір басшысы Instagram желісіндегі парақшасында COVID-19-ға тапсырған сынағы теріс нәтиже көрсеткенін мәлімдеді. Айтуынша, бүгіннен бастап жұмысқа кіріскен.

"Өңір тұрғындарын облыс аумағында енгізілген шектеу шараларын сақтауға шақырамын. Барлық дәрігерлерге қиын жағдайда жұмыс істегендері үшін алғыс айтамын! Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін!", - деп жазды облыс әкімі.

Коронавируспен күресуге 114 миллиард теңге бөлінген

Қазақстанда коронавируспен күресу үшін қанша ақша бөлінді? Бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы сұраққа жауап берді.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігіне 114 миллиард 826 миллион теңге бөлінген. Ол бұл соманың қайда жұмсалғанын айтып берді.

"Бұл соманың 40 миллиард 58 миллионы Үкімет резервінен. Атап айтқанда, 21 миллиард 184 миллионға жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға жұмсалды. 2 миллиард 30 миллион дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды сатып алуға жұмсалды. 2,5 миллиард теңгеге зертханалық жабдықтар, коронавирусты анықтау үшін тест-жүйелер сатып алуға бөлінген. 100 миллион теңге коронавирусты анықтауға арналған реагенттер жиынтығын жасау мен шығару бойынша қызметтерді сатып алуға бөлінген", - деді министр.

Оның сөзінше, ПТР әдісімен зертханалық зерттеулер бойынша қызмет көрсетуге 13,7 миллиард теңге; 310 миллион теңге отандық өндірісттегі ИВЛ аппараттарын сатып алып, жедел жәрдем көліктерін жаблықтауға; 131 миллион теңге азаматтарды эвакуациялауға бөлінген.

"Республикалық бюджеттен 74 миллиард теңге бөлінді: 19,5 миллиард теңге медициналық ұйымдар инфекциялық, провизорлық және карантин стационарларындағы медициналық қызмет көрсетуге бөлінген. Карантин іс-шараларын өткізуге тартылған қызметкерлерді ынталандыруға 40,4 миллиард теңге бөлінген. Жұқпалы ауру жұқтырғандарды орналастыру үшін үш тез салынатын кешен құруға 14,8 миллиард теңге бөлінген", - деді министр.

Елорда күнінде Нұр-Сұлтанда неге отшашу болды?

Кеше Елорда күнінде кешкі 23:00-де мерекелік отшашу болған, оны "Хабар" телеарнасы тікелей эфирде көрсеткен болатын. Бірақ көп тұрғын бұл іс-шараны сынға алған.

Ал бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері елордадағы отшашуға қатысты пікір білдірді. Айтуларынша, бұл қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеру үшін жасалған қадам екен.

"Астана күніне отшашу жыл басында жоспарланған болатын, демеушілер материалдар сатып алып, орындарды анықтады. Бұл фейерверк қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеруге, коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрған медицина қызметкерлерін қолдауға арналған", - деді Мәдениет басқармасындағылар.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети