Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 апреля 2020 11:38

Декретте отырғандар 42 500 теңгені қандай жағдайда ала алады? Министр жауабы

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны декретте отырған аналар қалай алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны декретте отырған аналар қалай алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға төленетін жәрдемақыны декретте отырған аналардың да алуға мүмкіндігі бар.

"Декретте отырған әйелдерге тоқталайын. Бала күтіміне байланысты бір жылға дейін мемлекет тарапынан оларға жәрдемақы төленеді. Бір жылдан соң, олар жұмысқа барар еді. Бірақ, қазір оларды ешкім жұмысқа алмайды. Сондықтан декретте отырған аналар бір жылдан соң, бірыңғай жиынтық төлемді (единый совокупный платеж - ЕСП) төлеп, 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны алуға мүмкіндігі бар", - деді ол деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, осыған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны қанша адам алғанын, төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға көмек көрсетуге арналған сайттың қалай жасалғанын айтқан болатын.

Сонымен қатар, қаржы министрі Әлихан Смаилов Президент тапсырмасы бойынша қазақстандықтарды тегін азық-түлікпен қамтамасыз етуге қанша қаржы бөлінетінін, ал ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елімізде экономикалық көрсеткіштер төмендеп жатқанын айтқан.

Сондай-ақ, премьер-министр Асқар Мамин үкімет дағдарысқа қарсы бірқатар шара қабылдайтынын атап өткен.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдемақы мен зейнетақы өсетінін, төтенше жағдай жариялануына байланысты табыссыз қалған азаматар үшін жәрдемақы алатындардың санатын кеңейтуді тапсырған.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 584-ке жетті. 44 науқас жазылды, 6 адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети