Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 апреля 2021 12:04

Депутат қазақ жастары неліктен елден кетіп жатқанын айтты

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаты Александр Милютин қазақ жастары неліктен елден кетіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Александр Милютин қазақ жастары неліктен елден кетіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Милютин қазақстандық білікті мамандар мен жастардың елден кетіп жатқанын мәлімдеп, оның бірқатар себебін айтты.

"Ашық дереккөздердегі ақпараттарға сәйкес, 2019 жылы шетелге кеткен азаматтардың жалпы санының 50,6 пайызы жоғары санатты мамандар болса, 2020 жылы пандемияға, шектеулерге қарамастан бұл көрсеткіш 54,3 пайызға жеткен. 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы Қазақстаннан кеткендер ішінде техникалық мамандар 5 есе, мұғалімдер 4 есе және дәрігерлер 3 есе көбейген. Шетел асып жатқан жастар да өте көп. Сарапшылар мұның себептерін айтып отыр, бұлар: адам капиталы деңгейінің төмендігі, қазақстандықтар өмірі сапасының төмендігі, ертеңгі күнге сенімнің төмендігі мен елде білім алудың қолжетімді болмауы", - деді депутат Милютин.

Оның айтуынша, қазақстандық жастар көбіне Ресейге білім алу үшін барып, қалып қойып жатыр.

"Ондаған мың жас Қазақстаннан өзге елдерге білім алу үшін барады, әсіресе Ресейге кететіндер көп. Олардың үлесі шетелге оқуға кеткен қазақстандықтардың жалпы санының 60 пайызына тең және олардың көбі сол жақта өмір бойына қалады. Қазақстанда білім алудың сұранысқа ие болмауы этносқа немесе тілге байланысты емес. Олай дейтініміз, шетелге оқуға кететіндер мен сол жақта қалуға ниеттілердің арасында этникалық қазақтардың үлесі аз емес", - деп мәлімдеді ол.

Депутаттың мәлімдеуінше, мұның себептерінің бірі мынау - Қазақстанда сырттай және қашықтан оқу жоспарлары 65 пайызға дейін қысқартылған және 2019 жылдың қаңтарынан бастап сырттай оқу мүлде тоқтатылған. Сонымен қатар, Қазақстанда жоғары білімді қашықтан алу мүмкіндігі жоқ, ал Ресейдегі оқу орындары бұл жүйені кеңінен қолданады.

Сонымен қатар, депутат Қазақстанда тегін білім алу мүмкіндіктері ақсап тұрғанын және түлектерді жұмыспен қамту мәселесі дұрыс шешімін таппағанын айтты.

"Ресейде ипотека, жас отбасылар үшін балалардың білім алу мекемелері қолжетімді, сонымен қатар, ана капиталы, отбасыларды қолдау бағдарламалары бар, ал бізде жоқ", - деді Милютин.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети