1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

Дүнгендер Қордайдан көшіп кеткені рас па? Жамбыл облысының әкімі түсінік берді 02 декабря 2020, 16:23

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев "Қордайдағы қақтығыс салдарынан дүнгендер көшіп кетті" деген ақпаратқа қатысты түсінік берді, - деп
Қордай ауданының тұрғындары. Фото: Әлихан Сариев Қордай ауданының тұрғындары. Фото: Әлихан Сариев

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев "Қордайдағы қақтығыс салдарынан дүнгендер көшіп кетті" деген ақпаратқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен өңір басшы бүгінде өңірдегі жағдай тұрақталғанын айтты.

"Қазіргі таңда Қордайдағы жағдай тұрақты. Бәрі қалпына келтірілді. Биыл тек Қордай ауданына 35 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде 4 600 жаңа жұмыс орны ашылды. Ауданда көптеген мәселе шешілді. Мысалы, жол, ауыз су мәселесі. Қордайда халықты газбен қамтамасыз ету - 95 пайыз. Ал осы жылдың басында 47 пайыз болған еді. Кәсіпкерлік саласында да өсім бар", - деді облыс әкімі орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қордайдағы қақтығыс: Оқиғаның қалай ушыққаны белгілі болды

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қордайда 392 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Қордайдағы қақтығыс кезінде меморгандар қалай әрекет етті? Хронология

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев еліміздегі кейбір БАҚ шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқанын атап өтті.

"Кейбір баспасөз құралдары "Дүнгендер басқа жаққа көшіп кетті. Олардың кәсібіне кедергі жасалып жатыр" деп жазды. Біз бұл мәселені зерттедік. Ол әрдайым біздің бақылауымызда. Бұрынғыдай олар (дүнгендер - ескерту) Қордай, Шу аудандарында, Алматы, Қарағанды облыстарында жұмыс істеп жатыр. Бірде-бір дүнген Ресейге немесе басқа мемлекетке көшіп кеткен жоқ", - деп түйіндеді сөзін ол.

Қордайдағы қақтығыс: Тоқаев кімдерді қызметінен босатты?

Осыған дейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев "командамен ауысу" мәселесіне қатысты пікір білдірген еді.

Еске салайық, 2020 жылдың 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Салдарынан 8 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді.

Кейін ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди қақтығыс салдарынан 39 адам ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы жағдайға жол берген мемлекеттік органдардың қызметкерлері жауапқа тартылатынын мәлімдеді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!