Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 апреля 2020 21:11

Елбасының денсаулығы туралы қауесет: Абаев Назарбаев айтқан тәмсілді мысал етті

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: inbusiness.kz Фото: inbusiness.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығына қатысты желіде тараған қауесет туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығына қатысты желіде тараған қауесет туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"10 жыл бұрын мен Елбасының баспасөз хатшысы қызметіне орналастым. Елдегі интернет сайттың бірінде Елбасының ауыр сырқаты жайында пост жарияланды. Жағамды ұстадым. Себебі, сол күні мен Елбасының төрағалығымен өткен жиналысқа қатыстым. Кешке таман шыдай алмай бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлына айттым", - деді министр "Хабар" телеарнасынағы "Открытый диалог" бағдарламасында.

Дәурен Абаев Тұңғыш Президенттің бұл жайындағы тәмсілін келтірді.

"Менің қасымда қызметіңді енді бастап жатырсың ғой. Бір дүние есіңде болсын. Балақтың шаңын қаға берсең, баратын жерге уақытында жете алмайсың. Ондай әңгімені тілеулес жұрт уайымдап айтса, мысықтілеу адамдар әдейі айтады. Оның бәрін тыңдай берсең, жұмысты кім істейді? Сондықтан мұндай сөзге көңіл бөле берме!" деді ол маған", - деп есіне алды Абаев Елбасының сөзін.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 474.5   490.7   5.52 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети