23 августа 2019 | 17:02

Елімізде ең бірінші болып қаржы пирамидасын ашқан кім?

© Tengrinews.kz

Халықтың ақшасын жымқырып не адам өлтіріп, кейін шетелге қашып кеткен қазақстандықтар көп. Кейбірі бүгінде елге оралып, жазасын түрмеде өтеп жатыр. Бірақ әлі шетелде бас сауғалап жүрген қазақстандықтардың саны көп.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Халықтың ақшасын жымқырып не адам өлтіріп, кейін шетелге қашып кеткен қазақстандықтар көп. Кейбірі бүгінде елге оралып, жазасын түрмеде өтеп жатыр. Бірақ әлі шетелде бас сауғалап жүрген қазақстандықтардың саны көп.

Тengrinews.kz бұған дейін шетелде жасырынып жүрген атышулы қазақстандықтардың топтамасын ұсынған болатын. Бүгін әлі ұсталмай жүрген тағы бес қазақстандықтың тізімін ұсынамыз.

Реклама
Реклама
Талғат Ардан


Талғат Ардан

Биыл шілденің соңында "Астана LRT" басқармасының бұрынғы басшысы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оған қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Бәрін басынан бастасақ. Талғат Ардан "Астана LRT" басшысы болып 2014 жылы тағайындалған. Үш жыл осы қызметте болды. Экс-басшы қызметінен кеткен соң компания кей міндеттердің орындалмағанын, сондықтан тергеу жұмыстары басталғанын хабарлаған еді.

"Астана LRT" компаниясының қазіргі басшысы Бекмырза Игенбердиевтің айтуынша, Талғат Арданға қатысты "билігін асыра пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған. Қазір экс-басшының бастамасымен болған барлық жоба тексеріліп жатыр. Кейбір құжаттар табылмаған, ал кейбірі дұрыс рәсімделмеген болып шықты.

Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Талғат Арданның қанша ақша жымқырғанын тексеріп жатыр. Ал Арданның өзі Қазақстаннан кетіп үлгерген. Қазір ол халықаралық іздеуде.  

Александр Кузнецов


Александр Кузнецов. © Владимир Прокопенко

2015 жылы наурызда Алматыдағы "Чукотка" клубында болған адам өлімі ел арасында қызу талқыға түскен еді. Естеріңізде болса, Александр Кузнецов бардағы төбелес кезінде Сырым Мұратқалиевті өлтірген болатын.

Сол жылы сот Кузнецовты абайсызда адам өлтірді деп айыптап, 1,5 жылға бас бостандығынан айырған. Ал кейін Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы адам өлімі абайсызда болмаған деген шешім қабылдап, Кузнецовты сегіз жылға соттаған еді. Ол жазасын Алматыдағы Заречный түрмесінде өтеп жатқан болатын.

Ал былтыр 2 шілдеде Александр Кузнецов бостандыққа шыққан. Себебі сот оның түрмеде өтелмей қалған бес жылын айыппұлға ауыстырған болатын. Енді ол бес жыл түрмеде отырудың орнына, бір миллион теңге айыппұл төлеуі тиіс еді.

Бірақ қаза тапқан Мұратқалиевтің туыстары қайта шағымданып, Кузнецовтың жазасы көп ұзамай қайта өзгертті. Былтыр 14 тамызда Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасы Кузнецовты колонияға қайтару туралы шешім шығарған.

Әйтсе де, сот үкімі шығардан бір күн бұрын Александр Кузнецовтың Қазақстаннан кетіп қалғаны белгілі болды. Ол 13 тамызда таңғы 6:45-те Turkish Airlines рейсімен ұшып кеткен екен. Сол кезде Кузнецовтың Ыстамбұлда жүргені хабарланған. Ал қазір оның қайда екені белгісіз.

Александр Сутягинский


Александр Сутягинский. © tvoiomsk.ru

Александр Сутягинский - ірі кәсіпкер, биоотын, металлургиялық кремний, ауыл шаруашылығы және құрылыспен айналысқан. Иелігінде "Титан", "Баско" және B-Construсtion компаниялары болған.

Кәсіпкерге өз серіктесін тапсырыспен өлтіруді ұйымдастырды, сондай-ақ атыс қаруы мен оқ-дәріні заңсыз сақтады деген айып тағылған. Тергеу мәліметі бойынша, ол 125 мың доллар үшін киллер жалдап, "Баско" компаниясының бас директоры, серіктесі Михаил Гаркушкинді өлтірмек болған. Оның үстіне, Желіде Сутягинскийге ұқсайтын адамның киллермен келісіп жатқаны түсірілген видео тараған.

Нәтижесінде 2009 жылдың 9 қазанында Алматының ауданаралық экономикалық сотында Александр Сутягинский 12 жылға бас бостандығынан айырылған. Дегенмен кейін аппеляциялық сот отырысы өтіп, кәсіпкер түрмеге қамалудың орнына шартты жаза арқалады. Кейін Александр Сутягинский сот залынан шыға салысымен шет елге қашып кеткені белгілі болды. Бүгінде оның қайда жүргені белгісіз.

Ал кәсіпкерді босатып жіберген апелляциялық сот төрайымы Күлпаш Өтемісова кейін әділетсіз сот актісін шығарғаны үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Ермек Нарымбаев


Ермек Нарымбаев. © yvision.kz

Азаматтық белсенді Ермек Нарымбаев елден кетпес бұрын бірнеше рет абақтыға қамалған. Түрлі себеппен оған қатысты 18 рет әкімшілік іс жүргізілген, 11 мәрте 15-20 күн түрмеде отырып шыққан.

2010 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданының соты оны "Билік өкіліне күш қолдану" және "Судьяға тіл тигізу" баптары бойынша төрт жылға соттаған. Бірақ екі жылдан кейін ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай рақымшылыққа байланысты бостандыққа шықты.

2016 жылдың басында Нарымбаев Facebook желісіндегі парақшасында жазған жазбасы үшін қылмыстық жауапқа тартылды. Ол "Ветер с улицы" кітабының үзіндісін өз парақшасына жариялаған. Бұл жазба "ұлтаралық араздықты" қоздыруға себеп болды деп айып тағылған.  

Шетелге шығуға тыйым салынған Ермек Нарымбаев 2016 жылы жазда Қырғызстан шекарасына өтіп, сол жақтан Түркия арқылы Украинаға қашқан. Қазір Киевте тұрып жатыр. Украина оған саяси бассауға болған.

Нұрлан Смағұлов


Нұрлан Смағұловтың суреті Интерпол сайтында

Қазақстан ғана емес, Орта Азиядағы ең алғашқы қаржы пирамидасын Нұрлан Смағұлов құрған. Ол 1994 жылы болған еді. Қаржы пирамидасы атауы - "Смагулов и К". Алаяқтық ісін бастаған кезде Смағұловтың жасы 30-да болған екен.

"Смагулов и К" компаниясының өз өндірісі де, жылжымайтын мүлкі де болыпты. Нәтижесінде Нұрлан Смағұлов 35 мың адамды алдап кеткен. Алаяқтықпен тапқан табысы - 630 миллион теңге.

Осынша қаражатты жинап алған ол бірден ізін суытады. 1995 жылдан бері Нұрлан Смағұловты Интерпол іздеп жатыр. Оған халықаралық іздеу жарияланған. Халықты алдап, ақша жымқырғаннан бөлек оған қашып бара жатқанда күзетшіні өлтірді деген айып тағылған.

Компанияның бұрынғы қызметкерлерінің айтуынша, Смағұловты халықты алдап ақша жинауына қаржылық қиындықтар итермелеген.

Нұрлан Смағұлов шетелге қашып кеткеннен кейін компания мүлкі бәссаудада сатылған, бірақ түскен қаражат қарыздың бестен бір бөлігін ғана жапқан.

Оқи отырыңыз: 

Шетелде жасырынып жүрген атышулы қазақстандықтар

Шетелде жасырынып жүрген атышулы қазақстандықтар. 2-бөлім


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная