Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 декабря 2019 11:30

Еліміздегі жалғыз түрмеде қандай қылмыс жасағандар отыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда түрме деп аталатын бір ғана жаза өтеу орны бар. Онда 250-ден аса адам жазасын өтеп жатыр, олардың біреуі ғана - әйел. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалхатқа берген жауабында айтылады.


Қазақстанда түрме деп аталатын бір ғана жаза өтеу орны бар. Онда 250-ден аса адам жазасын өтеп жатыр, олардың біреуі ғана - әйел. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалхатқа берген жауабында айтылады.

ҚАЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміздегі жалғыз түрме Арқалықта (Қостанай облысы) орналасқан. 

"УТ-174/4 мекемесі 1988 жылы құрылған. Кейін Торғай облысының таратылуына байланысты бұл мекеме Қостанай облысы УК-161/12 толық қауіпсіз мекемесі (түрме) болып өзгертілді. Бұл мекемеде 250-ден аса адам жазасын өтеп жатыр, олардың біреуі ғана - әйел. Сотталғандардың жас ерекшеліктері әртүрлі - 19 бен 65 жас аралығы. Олар камералық жағдайда ұсталады", - делінген ресми сауалхатқа берілген жауапта.

Айта кетейік, бұл түрмеде өлім жазасына кесілген бір ғана сотталушы бар - Алматыда 10 адамды атқаны үшін өлім жазасына кесілген Руслан Күлекбаев. Қазақстанда өлім жазасына мораторий жариялануына байланысты, Күлекбаев мораторийді алып тастағанға дейін абақтыда отырады. 

Сондай-ақ, бұл түрмеде "Арқанкерген" шекара қызметінде борышын өтіп жүргендерді өлтірген Владислав Челах жазасын өтеп жатыр.

Айта кетейік, жалғыз әйел - 26 жастағы қыз түрмеге 2019 жылдың наурызында жеткізілген. Сотталған қыз Павлодар облысы Ақсу қаласының тумасы. Алғаш рет ол сот алдына 20 жасында түнгі клубта бұзақылық жасап, төбелес шығарғаны үшін келген. Нәтижесінде 1 жылға сотталған, ал 2014 жылы қыз тағы да сотталып, 8 жыл 3 күнге бас бостандығынан айырылған. Алайда сотталушы колонияда бірнеше рет тәртіп бұзғаны үшін Алматы облысы Іле аудандық соты оны түрмеге ауыстыру туралы шешім қабылдаған. Осылайша, соттың үкімімен 26 жастағы қыз түрмеде жазасын 2 жыл 5 ай өтейді.

Сондай-ақ, комитет өкілдері осы мекемеде босанған әйелдерге қатысты мәлімет берді.

Редакция жолдаған сауалхатқа берген жауапта ҚАЖК өкілдері елімізде 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдер үшін Балалар үйі барын, оның Алматы облысы Жауғашты кентіндегі әйелдер колониясында орналасқанын айтты. Қазіргі уақытта ол жерде жазасын өтеп жатқандардың ішінде 20-ға жуығының баласы бар екен.

"УК-161/12 мекемесіндегі сотталғандар ауыр, аса ауыр немесе қайталап қасақана қылмыс жасағандары үшін жазасын өтеп жатыр. 2019 жылы УК-161/12 мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандардың саны -2, ал 8 сотталғанның жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылды. Бұл мекемеде қоғамға қауіп төндіретін ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған сотталғандар ұстауда отыр", - делінген комитеттің ресми сауалхатқа берген жауабында.

Колония, түрме, уақытша ұстау изоляторы. Абақты түрлерінің айырмашылығы қандай?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети