Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 февраля 2020 12:37

Елордада биылдан бастап коммуналдық тарифтер қаншалықты қымбаттады?

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. © pixabay.com Көрнекі сурет. © pixabay.com

Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы Болат Танабергенов Нұр-Сұлтан қаласында коммуналдық тарифтер қымбаттағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы Болат Танабергенов Нұр-Сұлтан қаласында коммуналдық тарифтер қымбаттағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаладағы коммуналдық тарифтердің бағасы өскен.

"2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылдудың бағасы орташа тарифпен алғанда 8 пайызға өсті. Яғни Жаңа жылдан бастап, бұл қызметтің бағасы халық үшін 5 пайызға, қалған тұтынушыларға 10 пайызға өсті. Ал өткен жылмен салыстырғанда су тарифі халық үшін 10 пайызға, басқа тұтынушыларға 16 пайызға көтерілді. Ал электр энергиясы бойынша орташа тарифпен алғанда 11 пайызға, оның ішінде халық үшін 10 пайызға, басқа тұтынушыларға 16 пайызға өсті. Осылайша, 2020 жылдан бастап, тарифтер қымбаттады", - деді ол Нұр-Сұлтан қаласында өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда басшы су, жылу, электр энергиясы қаншаға қымбаттағанын айтты.

"Жылумен қамтамасыз ету тарифі халық үшін 2176,76 тг/Гкал болды. Бұл қосылған құн салығынсыз. Қолданыстағы тариф 5 пайызға өсті. Ал осы жылдың 1 қаңтарынан бастап, судың тарифі 40 теңге 79 тиынға көтерілді. Ол бұрын 37 теңгеге тең болатын. Осылайша, бұл қызмет түрі 10 пайызға қымбаттады. Электр энергиясының орташа тарифі - 14,10 тг/кВт сағат, оның ішінде халық үшін 11, 36 тг/кВт сағат болды", - деп түйіндеді сөзін Болат Танабергенов.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети