ПОДПИШИСЬ НА НАШ TELEGRAM-КАНАЛ
05 февраля 2020 | 09:29

Ереже бұзған шетелдік көлік иелерінен айыппұл қалай өндіріліп жатыр?

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. © Тұрар Қазанғапов Иллюстрация. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның ішкі істер министрлігі шетелдік көліктермен жүрген жүргізушілерден айыппұл қалай өндіріліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның ішкі істер министрлігі шетелдік көліктермен жүрген жүргізушілерден айыппұл қалай өндіріліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, 2019 жылы шетелдік нөмірмен жүрген жүргізушілердің 90 мыңнан аса жол ережесін бұзу дерегі тіркелген. Оларға 1 миллиард теңгеден астам сомаға айыппұл салыныпты. Алайда бұл қаражаттың 30 пайызы ғана өндірілген. Себебі жол ережесін бұзған көліктердің басым бөлігі ел аумағында есепке алынбаған.

"Бұрын айыппұл салу қиын болатын"

Алайда ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз бұл мәселенің шешімі табылғанын жеткізді.

"Шетелдік көлік мінгендер тіркеуде немесе базада жоқ болғандықтан, оларға айыппұл салу қиын еді. Алайда өткен жылдың 21 қазанында сақтандыру компанияларының базасымен интеграция жасалды. Нәтижесінде бұл компаниялармен ақпарат алмасу жүйесі бір жүйеге қойылды. Енді шетелдік көлік жүргізушілеріне айыппұл салуға мүмкіндік бар", - деді ол.

Нұрділдә Ораз 2019 жылдың қазанынан шетелдік нөмірмен жүрген жүргізушілерге айыппұл салына бастағанын, бүгінде олардан айыппұлды өндіру бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Осы орайда оның сөзін ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов толықтырды. Ол сақтандыру компанияларымен ақпарат алмасу жүйесі іске қосылған соң тәртіп сақшыларының жұмысы біршама жеңілдегенін айтады.

"Егер шетелдік көлік иесінің жол ережесін бұзғаны бейнебақылау камерасына жазылып қалса немесе полиция қызметкері заңбұзушылықты көрсе, ол көлік иесінің нөмірін базаға тереді. Кейін тиісті мәлімет сақтандыру компаниясының базасына жіберіледі. Осылайша, бізге көліктің кімге тиесілі екенін, оны кім басқаратыны туралы мәлімет келеді. Нәтижесінде, ол адамға айыппұл жіберіледі", - дейді комитет төрағасының орынбасары.

"Көлік иесін бірден анықтаймыз"

Сондай-ақ, Серік Түсіпов сақтандыру компанияларымен интеграция жасалу алдында бірқатар қиындық болғанын жасырмады. Оның айтуынша, елімізде шетелдік нөмірмен жүрген жүргізушілерге жол ережесін бұзғанымен, оларға айыппұл төлеу туралы хабарлама түспеген.

"Шетелдік нөмірмен жүрген жүргізушіге 2 ай мерзімінде айыппұл төлеу туралы ескерту қағазын жібермесек, ол әкімшілік жауапкершіліктен босатылатын. Себебі, оны әкімшілік жазаға тартудың мерзімі өтіп кеткен. Алайда бүгінде мұндай мәселе жоқ. Біз көлік иесін бірден анықтап, айыппұлды тұрғылықты мекенжайына жібере аламыз. Егер азамат айыппұлды өз еркімен төлемесе, онда жеке сот орындаушысының көмегімен айыппұл өндіріледі", - деп түйіндеді сөзін әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, кеше үкімет отырысынның кулуарында Серік Түсіпов өткен жылы шетелдік көлік жүргізушілері жиі жол ережесін бұзғанымен жауапкершілікке тартылмағанын айтқан болатын.

Еске салайық, 24 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 ақпанға дейін қазақстандықтарға ЕАЭО-дан елге жеткізген көліктерін бір айдың ішінде бір реттік тәртіппен уақытша тіркеуге қою мүмкіндігін беруді тапсырды. Кейін ХҚКО-ларда шетелдік көліктерге "сары нөмірлер" беріле бастады. Бұл тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жүргізіледі. Қазақстанның ішкі істер министрлігі бұл мәселе бойынша арнайы телефон желісін іске қосқан.

Читайте также
Join Telegram
Ресторан горит в Астане
Астану накрывает снегопад

Курс валют

 486.86   530.42   5.05 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети