02 мая 2018 | 14:00

"Ерте жүктілік - зорлықтың белгісі". Маман сексуалдық тәрбие жайында

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
© vesti-yamal.ru

Осыдан бірер күн бұрын Шымкентте 13 жастағы қыз босанды. Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұндай оқиғалардың бұрын да болғанын және әлі де болатынын айтты. Бұған дейін, қаңтарда алматылық 15 жастағы қыз, өткен жылдың аяғында Батыс Қазақстанда 14 жастағы оқушы қыз, Ақтауда 16 жастағы қыз мектепте, оған дейін Өскеменде 15 жастағы қыз үйінде босанды. Сонымен қатар, өткен жылдың қарашасында Батыс Қазақстан облысында кәмелет жасына толмағандар арасында екі жүктілік жағдайы тіркелді. Ол қыздардың бірі 14 жаста болса, енді бірі 12 жасында босанған. Мұндай деректерді келтіре берсек, шегі жоқ және бұл деректер тіркеліп, жария болғандары ғана.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Осыдан бірер күн бұрын Шымкентте 13 жастағы қыз босанды. Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұндай оқиғалардың бұрын да болғанын және әлі де болатынын айтты. Бұған дейін, қаңтарда алматылық 15 жастағы қыз, өткен жылдың аяғында Батыс Қазақстанда 14 жастағы оқушы қыз, Ақтауда 16 жастағы қыз мектепте, оған дейін Өскеменде 15 жастағы қыз үйінде босанды. Сонымен қатар, өткен жылдың қарашасында Батыс Қазақстан облысында кәмелет жасына толмағандар арасында екі жүктілік жағдайы тіркелді. Ол қыздардың бірі 14 жаста болса, енді бірі 12 жасында босанған. Мұндай деректерді келтіре берсек, шегі жоқ және бұл деректер тіркеліп, жария болғандары ғана.

Қыздарымыз жасы жетпей жүкті болып қалмау үшін не істеу керек? Сол қыздарды жүкті қылған ұлдардың жайы неге айтылмайды? Осы және өзге де сұрақтарды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты" қоғамдық қорының президенті, тұрмыстық зорлық-зомбылық жәбірленушілеріне арналған Аrasha баспанасының директоры, балалар психологы Маргарита Өскембаеваға қойып көрді.

Реклама
Реклама

Гендерлік стереотиптің кесірі...

Болары болып, бояуы сіңген кезде кінәліні іздей бастайтын біздің қоғам бірінші кезекте қыздың, одан кейін оның ата-анасы мен ұстаздарының алқымынан алады. Бұл, рас. Ал, сол дұрыс па? Қызды жүкті қылатын ата-ана немесе ұстаздар емес, ұлдар емес пе?  Осы ретте Маргарита Өскембаеваның айтуынша, еліміздегі гендерлік стереотиптер атам заманнан өзгермей келеді.

"Біздің қоғамда қандай жағдай болса да, бірінші кезекте кім кінәлі? Әйел кінәлі, қыздар кінәлі. Ол бұрыннан солай. Осындай таптаурын көзқарастан арылу керек. Мысалы, Қырғызстанда оқушы қыз жүкті болып қалса ұл жақтың да, қыз жақтың да ата-анасы жазаланады. Екі тарапқа да қатысты заң нормалары бар. Бірден қызға немесе анасына айып тақпай, шын кінәліні тауып, қылмыстық жазаға тарту керек, бізге де заңды норма қажет", - дейді ол.

Өскембаеваның айтуына қарағанда, ерте жүктілік пен зорлық ұғымдарына бірдей қарау керек. Себебі, тым жас қыздардың жыныстық қатынасқа өз еркімен түсуі мүмкін емес жағдай.

"Оң мен солын енді тани бастаған жас қыздардың өзі үшін жауап беруін қалай талап етуге болады, ол мүмкін емес. Оқушы қыз жүкті болып қалып, жыныстық қатынасқа өз еркіммен келістім десе, ол "өзі келіскен" деген сөз емес. Тіпті, келіскен күннің өзінде дәлелдеп көріңіз. Ол зорланған, жүкті болып қалса, демек ұзақ уақыттан бері қорланып, біреулер қорқытып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген болуы мүмкін. Ерте жүктілік болды деген сөз - зорлық жасалды деген сөз", - дейді Өскембаева.

Ерте жүктіліктің алдын алу үшін ұл мен қызды қалай тәрбиелеу керек?

Маргарита Өскембаеваның айтуынша, ұлдар мен қыздардың арасындағы тартылыс, физиологиялық өзгешеліктерді тану мен қызығушылық таныту балабақшадан-ақ басталады. Сондықтан, қыздардың жүкті болып қалатынын, қандай әрекеттерге баруға болмайтынын ұл мен қызға дер кезінде түсіндіру қажет.

"Балада физиологиялық тұрғыдағы қызығушылық әрдайым болады. Тіпті балабақшада бір-біріне қарап, өзгешеліктерді байқап, тартылыстың алғашқы әрекеттерін жасай бастайды. Олар жыныстық қатынас дегенді білмесе де, ұлдар қыздардың шашына тиісіп, қолдарынан ұстап, тіпті жыныс мүшелерінің де екі түрлі болатынын аңғара бастайды. Жасы ұлғайған сайын баланың физиологиялық тартылыс әрекеттері де өзгеріп, күрделене түседі. Мектепте анатомия пәнін оқи бастайды. Осы кезде отбасының мүшелері ғылыми деңгейде, дұрыс мәнермен балаға мән-жайды түсіндіруі керек", - дейді маман.

Психологтың айтуынша, Интернеттегі ақпараттың ашық алаңы да балалар психологиясы үшін қауіпті болып отыр. 

"Ата-аналар балаларымен жыныстық қатынас туралы әңгімелесуден қашқақтайды, қорқады немесе ұялады. Ал қазір Интернетте бәрі бар. Бала дұрысын да, бұрысын да көріп алады. Ата-ана баласымен арада әңгіме болса қызығушылық танытып, ұрынып қалар деп ойлайды. Енді бірі бала кезден айту ерте деп есептейді. Сөйтіп жүргенде кеш болып қалғанын аңғармайды. Балаға сеніммен қарап, жауапкершілікті сезіну керек. Бала өзі үшін жауапты емес, баласы үшін жауапты болу ата-ананың міндеті. Әкесі ұлына, анасы қызына дұрыс түсіндірер болса қазіргідей оқиғалар көбеймес еді", - дейді Маргарита Өскембаева.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная