Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 апреля 2019 17:37

"Гауһар Әлімбекованың бұл қылмысқа қатысы жоқ". Істің басты фигуранты кінәсін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық сотында белгілі әнші Гауһар Әлімбекованың ісіне қатысты апелляциялық сот отырысында іс бойынша сотталған тағы бір фигурант Феруза Ордабаева сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Алматы қалалық сотында белгілі әнші Гауһар Әлімбекованың ісіне қатысты апелляциялық сот отырысында іс бойынша сотталған тағы бір фигурант Феруза Ордабаева сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

"Мен бұл қылмысты жасағанымды мойындаймын. Бірақ бұл қылмыс жасалып жатқанда оның заңсыз екенін білгенім жоқ. Алған ақшаның барлығын үйді салған түркиялық компанияның өкілдеріне бердім. Ал Гауһар Әлімбекованың бұл қылмысқа тіптен қатысы жоқ. Себебі ол өзі де 40 мың доллардан екі үй алып, өзі де шығынға батты", - деп мәлімдеді ол.

Сондай-ақ, ол 2016 жылы дәл осы іс бойынша сотты болғанын, сондықтан жаза мерзімін сол уақыттан бастауды, өзінің асырауында үш баласының барын, оның ішінде екеуінің кәмелет жасына толмағанын айтып, жеңіл жаза қолдануды сұрады.


Гауһар Әлімбекова сот залында


© Tengrinews.kz

Еске салайық, елімізге танымал әндердің авторы, әнші Гауһар Әлімбекова 30 қаңтарда алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Көп ұзамай, әнші сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен босатылды.

Кейінірек әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын айтып берген еді. Адвокат сот үкімімен келіспейтінін және таяу арада апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеген.

Айта кетейік, әншінің "Ақ келін", "Көктемге хат", "Жас келін", "Қыз сезімі", "Оралшы махаббат", "Ақмаралым" әндері жұртшылыққа кеңінен таралып, танымал болған. Оның әніне жазылған өлеңдерді танымал эстрада жұлдыздары орындаған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети