05 марта 2019 | 13:13

Интернет-педофил деген кім және одан сақтанудың жолы

© pixabay.com

Таяуда YouTube хостингі балалар түсірілген кез келген видеоға пікір қалдыру мүмкіндігіне шектеу қойғанын мәлімдеген еді. Оған Интернет-педофилдерінің көбейіп кетуі себеп болған. Педофилдер балалар түсірілген видеоларға түрлі мазмұндағы пікірлер қалдыра бастаған, бір сөзбен айтқанда, алымсақтық жасаған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таяуда YouTube хостингі балалар түсірілген кез келген видеоға пікір қалдыру мүмкіндігіне шектеу қойғанын мәлімдеген еді. Оған Интернет-педофилдерінің көбейіп кетуі себеп болған. Педофилдер балалар түсірілген видеоларға түрлі мазмұндағы пікірлер қалдыра бастаған, бір сөзбен айтқанда, алымсақтық жасаған. 

Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі маманнан Желідегі алымсақтықты қалай анықтауға болатынын, виртуал кеңістікте қандай әрекеттердің заң бойынша қудаланатынын сұрап білді. 

Реклама
Реклама

Заңгер Мадияр Аймырзаұлы Желі педофилдерінің виртуал әлемде ғана отырғанымен, балаға тигізер зияны мол екенін айтады. Айтуынша, адамдардың көбі виртуал қарым қатынаста физикалық әрекет болмағандықтан, балалар үшін қауіпсіз деп қателеседі.

"Бірақ бұл әрекеттер балалардың ерте жыныстық азғындауына әкеліп соғады да, оның денсаулығы мен психикасына кері әсерін тигізеді. Себебі, біріншіден, теріс пиғылдылардың Интернетте өз жасын көрсетпегендіктен, балалар көбінесе ересек адаммен сөйлесіп жатқанын сезбей де қалады. Екіншіден, осындай жай әңгіменің соңы тікелей физикалық байланыс, зорлық-зомбылық және баланың жыныстық бостандығын бұзатын әрекеттерге жеткізуі ықтимал. Өмірде қандай заңсыз әрекеттерге тыйым салынса, Интернетте де сондай әрекеттерге тыйым салынуы керек", - дейді заңгер.


© pexels.com

Алайда, заңгердің айтуынша, "виртуал жыныстық актілер" қылмыс құрамы болмаған деген сылтаумен қаскөйлер көп жағдайда құтылып кетеді.

Дегенмен, Мадияр Аймырзаұлы кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық жасаумен байланысты қылмыстар үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделгенін айтады.

"2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген ҚР Қылмыстық кодексінде кәмелетке толмаған адамды зорлауға, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық жасаумен байланысты қылмыстар үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген. Сондай-ақ, оларға қатысты жазаны жеңілдететін мән-жайлар, екіжақты келісім бойынша істі қысқарту немесе мерзімінен бұрын шартты түрде босату жеңілдіктері қолданылмайды", - дейді заңгер.


© pexels.com

Осы ретте маман соттағы тәжірибелеріне сүйене отырып, жазасын алып жатқандардың басым бөлігі - жасөспірім балалармен нақты жыныстық қатынас жасаған немесе жасалуға оқталғандар, яғни физикалық қарым-қатынасқа түскендер екенін айтады.

"Мұндай қылмыстардың алдын алу шаралары ретінде 2016 жылдан бастап Желіде кәмелетке толмағандардың жыныстық қатынастарына қарсы қылмыстық әрекеттер жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарды тіркеу, яғни "қылмыскерлердің картасы" енгізіліп жатыр. Қазіргі таңдағы өзекті мәселе ата-анасы баланың интернеттегі хат-хабарларларын ашып, құқық қорғау органдарына хабарласқанымен, қылмыстық іс жүргізілмейді, себебі мұндай қылмыс құрамы болмағандықтан, "виртуал жыныстық актілер" жазаланбайды.", - дейді заңгер.

Маманның айтуынша, мұндай әлеуметтік құбылыспен күресті тек мемлекет пен құқық қорғау органдарына жүктей салу дұрыс емес.

"Сонымен қатар, ата-аналар да үнемі балаларын қадағалап, оларды қараусыз қалдырмауы керек. Олардың кіммен араласатынын және ұялы телефонында қандай бейтаныс тұлғалардын нөмірі бар екенін, қандай сайттарда отыратынын, бейтаныс адамдармен мүлдем араласпау керек екенін, бөтен біреу тиіскен жағдайда, бірден қоңырау шалу керек екенін жиі айтып отыруы керек. Қандай да күдік пайда болған жағдайда бірден құқық қорғау органдарына хабарласу керек", - деп кеңес берді заңгер.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная