1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

"Жақында шатырға шығады". Алматы орталығында егеуқұйрық қаптады 17 августа 2021, 14:12

Алматы орталығындағы үйлерде егеуқұйрық қаптады. Тұрғындар оған қоқысты жәшікке жеткізбей тастайтындарды кінәлап отыр. Бұл туралы Aibat жаңалықтар
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Видео кадры Видео кадры

Алматы орталығындағы үйлерде егеуқұйрық қаптады. Тұрғындар оған қоқысты жәшікке жеткізбей тастайтындарды кінәлап отыр. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоба журналистерінің мәліметінше, Уәлиханов пен Мәметова қиылысындағы үйлерде кеміргіштер қаптап кеткен. Бұған дейін арықтарда ғана жүретін зиянкестер азық іздеп, үйлердің ауласына келіпті.

"Көбіне бұл жерде пәтер жалдаушылар тұрады. Олар қоқыс тастайды. Жауапқа тартсын, айыппұл салсын, ұстап алсын. Полиция қайда қарап отыр? Тышқан толып жүр. Жақында шатырға шығады", - дейді Алматы тұрғыны Боранбек Батырәлиев.

Бұл жайт еріктілерді де алаңдатып отыр. Олар егеуқұйрықтар вирус тарата ма деп қауіптенеді.

"Көптеген ықшамауданнан кеміргіштерді көрдім. Бұл жайтқа былтыр Алматы көшелеріндегі қаңғыбас мысықтарды жаппай жою себеп болды деп есептеймін. Кесірінен көшелерде тышқандар қаптады. IV ғасырда Францияда мысықтарды түгел қыру салдарынан кеміргіштер көбейіп, бубон обасын таратқан. Сондай жайтқа душар болмасақ жақсы", - деді ерікті Екатерина Василева. 

Әкімдік өкілдері кеміргіштер қаптағаны туралы шағымдар жиілегенін растады.

"Тұрғындардың кеміргіштер көбеюіне қатысты шағымдарын азайту үшін мердігер ұйымына тапсырма берілген. Біріншіден, кеміргіштердің пайда болу ошақтары неғұрлым көп таралған сауда және базар орындарында қайта дератизация жүргізу. Халықтың шағымдары бойынша оқиға орнына шығатын мобильді топтардың санын 2 есеге, 7-ден 14 бригадаға дейін ұлғайту", - деді Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық дамыту басқармасының бас маманы Айдын Сылбырбаев.

Aibat мәліметінше, қалада кеміргіштермен күрес үшін жыл сайын қалалық бюджеттен 100 миллион теңге бөлінеді екен. Қаражат қомақты болса да, зиянкестер саны әлі азаймай тұрғаны айтылды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat__kz



Join Telegram