Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 июня 2020 16:21

"Жаныңызда болуға дайынмын". Қай елдің президенттері Елбасына жеделхат жолдады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ТАСС Фото: ТАСС

Кеше Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны хабарланған.  Бұл ақпарат шыққаннан кейін басқа елдің президенттері жеделхат жолдай бастады. Tengrinews.kz тілшісі мемлекет басшыларының COVID-19 жұқтырған Назарбаевқа жіберген жеделхаттары туралы баяндайды.


Кеше Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны хабарланған.  Бұл ақпарат шыққаннан кейін басқа елдің президенттері жеделхат жолдай бастады. Tengrinews.kz тілшісі мемлекет басшыларының COVID-19 жұқтырған Назарбаевқа жіберген жеделхаттары туралы баяндайды.

"Ол рухы мықты адам"

Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды деген хабар тараған соң ең алғаш болып Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірген.

Қазақстан президенті Елбасының рухты адам екенін, сол үшін бұл вирусты еңсере алатынын мәлімдеген.

"Өкінішке қарай, коронавирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасын да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін", - деді Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Қырғызстан президенті қоңырау соққан


© akorda.kz 

Нұрсұлтан Назарбаевқа келген жеделхаттың кейбірі Елбасының сайтында жарияланған. Кеше бұл ақпарат шыққаннан кейін алғашқылардың бірі болып Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков тілек білдірген. Бірақ ол жеделхат жібермей, Елбасына қоңырау шалған.

"Әңгіме барысында Сооронбай Жээнбеков Елбасының тезірек сауығып кетуін және Қазақстан халқының игілігі жолында атқарып жатқан күнделікті қызметіне жақын арада оралуын тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президентіне жылы лебіздері үшін ризашылығын айтып, бауырлас екі елдің арасындағы тату көршілік қатынастар одан әрі нығая беретініне сенім білдірді", - делінген Елбасы сайтында.

Телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан тарапы бастамашы болған.

"Сізге осы қиын сәтте қолдау білдіргім келеді"


© kremlin.ru 

Ресей президенті Владимир Путин де Назарбаевқа аурудан тезірек жазылуға тілектестік білдірген. Путин Елбасыға ауруды жеңуге оның өмірлік энергиясы көмектесетініне сенім білдірген.

"Мен Сізге осы қиын сәтте қолдау білдіргім келеді. Сіздің ерекше өмірлік энергияңыз, сергектігіңіз бен оптимизміңіз қысқа мерзімде вирусты жеңуге көмектеседі деп сенемін.

Шын жүректен Сіздің толық айығып кетуіңізді тілеймін. Деніңіз сау болсын", - делінген Ресей Федерациясы Президентінің жеделхатында.

"Өзіңізбен жүздесу мүмкіндігі туады деген үміттемін"


Фото: akorda.kz

Ал бүгін Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев Елбасының вирус жұқтырғаны туралы хабарды алаңдаушылықпен қабылдағанын жеткізді.

Өзбекстан президенті айтқан тілегінде Назарбаевқа осындай қиын-қыстау сәтте қолдау көрсетуге дайын екенін айтқан.

"Сізге осынау қиын-қыстау уақытта жан-жақты қолдау көрсетуге және жаныңызда болуға дайын екенімді жеткізгім келеді. Жақын арада Сіздің бұл вирусты жеңіп, сауығып кететініңізге сенімдімін.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Алла Тағала Сізге зор денсаулық, күш-қуат, ұзақ ғұмыр және жаңа табыс берсін деп тілеймін. Жақында Өзіңізбен жүздесу мүмкіндігі туады деген үміттемін", - делінген жеделхатта.

"Сырқаттанып қалғаныңызды өкінішпен естідім"


Фото: akorda.kz

Ал бірнеше сағат бұрын Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Елбасына түрік халқының атынан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

"Сырқаттанып қалғаныңызды өкінішпен естідім. Алладан шипа беруін тілеймін. Үнемі жеңіспен еңсерген күрестердегі сынды бұл сынақты да жігеріңізбен артқа тастайтыныңызға кәміл сенемін.

Қандай да бір қажеттілік туындаған жағдайда қолымыздағы барлық мүмкіндігімізбен жаныңызда екенімізді жеткізгім келеді.

Сізге деген терең құрмет пен сүйіспеншілік сезімімен жеке өзім және барша түрік халқы атынан тезірек сауығып кетуіңізді шын жүректен тілеймін", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, кеше, 18 маусымда Тұңғыш Президент Елбасының коронавирусты анықтауға тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткені белгілі болды.

Елбасының баспасөз хатшысы алаңдауға еш негіз жоғын хабарлаған.

"Қазіргі уақытта Қазақстанның Тұңғыш Президенті оқшауланды. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирусты анықтауға тапсырған соңғы сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Алаңдауға себеп жоқ. Назарбаев қашықтан жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети