Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 января 2022 11:48

Жаппай тәртіпсіздік: депутат кәсіпкерлердің барлық қарызын 90 күнге шегеруді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Ерлік Өмірғали Мәжіліс отырысында жаппай тәртіпсіздік кеінде зардап шеккен бизнес нысандары мен кәсіпкерлерге байланысты проблеманы көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Депутат Ерлік Өмірғали Мәжіліс отырысында жаппай тәртіпсіздік кеінде зардап шеккен бизнес нысандары мен кәсіпкерлерге байланысты проблеманы көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Депутат сауда орталықтары мен оны жалға алушылар аз уақыттың ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге, кәсіпкерлік қызметін бастауға тырысып жатқанын, алайда, одан бөлек, ғимараттың инфрақұрылымы зардап шеккенін атап өтті.  

"Залал мөлшері алдын ала есеп бойынша мыңдаған миллиард теңге болды. Бұл банкроттыққа және өмір бойы қарызданып жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін. Бүгінде кәсіпкерлерге қажет сараптама жүргізілуі және жұмыс істеу алгоритмі болуы керегі айтылып жатыр. Бірақ олардың ешқайсы енді не болатынын және бизнесті қалай сақтап қалу керегін түсінбей отыр", - дейді депутат.  

Ерлік Өмірғалидің айтуынша, әрбір кешіктірілген күннің салдарынан залал мен зиян келіп жатыр. 

"Бұл күндері көбі кәсіпкерлерге көмектесудің орнына статистика жинаумен айланысып жатқан Ұлттық кәсіпкерлер палатасын сынап жатыр", - дейді Өмірғали. 

Осыған байланысты депутат Қаржы мониторингі агенттігі барлық банк пен микрокредиттік ұйымды кейінге қалдыру аяқталғаннан кейін қазіргі төлемдерді ұлғайтпау үшін қарыз мерзімін ұзарта отырып, кірістерді жөндеу және қалпына келтіру үшін заңды және жеке тұлғалар үшін барлық қарызды 90 күнге кейінге қалдыруды ұсынды. Сонымен қатар, сол мерзімге (90 күнге) салықты шегертуді ұсынды. 

"Террорлық әрекеттерден зардап шеккен үй-жайлар мен тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге пайызсыз несиелер беру туралы мәселені пысықтауды, Бас прокуратура мен Қаржы нарықтарын реттеу жөніндегі агенттік сақтандыру компанияларымен дауларда кәсіпкерлерді қорғау мәселесін қозғасын, себебі сақтандыру компаниялары кәсіпкерлер тарапынан жасалатын тұрақты төлемдерге қарамастан сақтандыру төлемдерін төлеуден бас тартады", - деді депутат Мәжіліс отырысында. 

Айта кетейік, кейінгі мәліметтер бойынша, Қазақтанда жаппай тәртіпсіздік кезінде кәсіпкерлік нысандарға келтірілген залал мөлшері 103,7 миллиард теңгеге жеткен. Оның ішінде, Алматының өзінде шығын көлемі 102,2 миллиард теңге болған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети