Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 марта 2020 13:35

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға сыйақы қалай беріледі?

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлаған үшін сыйақы қалай берілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлаған үшін сыйақы қалай берілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен Жазира Жылқышиева өткен жылы астанада жемқорлық фактісі туралы ақпарат бергендерге сыйақы берілгенін жеткізді.

"Елордада өткен жылы сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған үшін 2 азамат 70 АЕК көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталды. Төлемнің жалпы сомасы - 353 500 теңге. Заң бойынша олар жөнінде ешқандай ақпаратты бере алмаймыз. Бұл - заңның талабы", - деді ол брифингте.

Сонымен қатар, бірінші орынбасар биыл сыйақы мөлшерінің өскенін атап өтті.

"Осы жылдың 14-ақпанынан бастап, үкіметтің қаулысына өзгеріс енгізілді. Нәтижесінде (сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлағаны үшін - автор) сыйақының мөлшері өсті. Мысалы, егер азамат 1000 АЕК-ке (2 миллион 651 мың теңге) дейінгі пара мөлшерін айтатын болса, 265 мың теңгеге дейін сыйақы алады. Ал пара мөлшері 1000-4000 АЕК-ке дейін болса, онда сыйақы мөлшері 10 пайыз болады. Онда азаматқа 10 миллион 600 мың теңге мөлшерінде сыйақы беріледі", - деді Жазира Жылқышиева.

Оның айтуынша, қазақстандықтар бұл қаржыны бірден ала алмайды.

"Бұл ақшаны азаматтар соттың үкімі шыққан соң, үкім заңды күшіне енгеннен кейін алады. Мысалы, тұрғын бір фактіні айтқаннан кейін міндетті түрде тексеріс жүргізіледі. Егер бұл факт нақты дәлелденсе, соттың үкімі шығып, ол күшіне енеді. Кейін хаттама толтырылып, азаматқа сыйақы беріледі", - деді бірінші орынбасар.

Кейін Жазира Жылқышиева тұрғындар жемқорлық фактісінің куәгері болса, 1424 Call-орталығына және +7 775 160 5532 нөміріне хабарласуға кеңес берді. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети