Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 ноября 2023 09:24

"Қабырғасы сөгіліп тұр": ШҚО-дағы мектептердің бірі 70 жылға жуық жөндеу көрмеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Massaget/Асыл Бигелді Massaget/Асыл Бигелді

Шығыс Қазақстан облысындағы Самар ауылында бастауыш сынып мектебінің кетеуі кетіп, балалар жаңа оқу жылын басқа білім ордасында жалғастыруға мәжбүр болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысындағы Самар ауылында бастауыш сынып мектебінің кетеуі кетіп, балалар жаңа оқу жылын басқа білім ордасында жалғастыруға мәжбүр болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Бұл нысан 182 оқушыға шақталса да, қазір оқушы саны 76-ға дейін азайыпты. Балалар бүгінде Самар №1 орта мектебінде уақытша оқып жатыр.

"Бастауыш мектеп оқуға жарамсыз деп танылды. Одан бөлек, санитариялық талап сақталмаған. Кейде бір сыныпта 18 бала отырады, яғни кабинет ішіндегі кеңістік тарыла түседі. Медицина жағынан кемшін тұсы бар. Нақты айтсақ, мектепте жалғыз ғана процедуралық кабинеттің болуы оқушылардың толыққанды қаралуына мүмкіндік бермейді", - деді мектеп директоры Айжан Нұриева.

Ата-аналар жаңа мектептің салынуын қалайды.

"Бұл - бастауыш сынып. Қаржы бөлініп, орта мектеп бой көтерсе, тіптен жақсы болар еді. Оқушылар саны да артып келеді", - дейді самарлықтар.

Мектеп ұжымындағылар нысанның он жыл бұрын шатыры жөнделгенін айтты. Одан өзге ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс қолға алынбаған.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети