Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
07 мая 2019 00:32

"Қауіп оттан емес, түтіннен". Ұшақта төтенше жағдай кезінде не істеу керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

5 мамырда кешкі уақытта "Аэрофлот" компаниясының жолаушылар ұшағы Sukhoi Superjet 100 Шереметьево әуежайынан Мурманск қаласына қарай ұшып шыққан. Әуе лайнерінің бортында 78 адам болған - 73 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі. Көп өтпестен әуе кемесінің командирі ұшақты кері бұрып, Шереметьевоға шұғыл қонуға рұқсат сұрайды. Жерге қатты қонған оның шассиі сынып, қозғалтқышы жанған. Кейін жалын SSJ-100 фюзеляжын шарпыды. 41 адам қаза тапты.


5 мамырда кешкі уақытта "Аэрофлот" компаниясының жолаушылар ұшағы Sukhoi Superjet 100 Шереметьево әуежайынан Мурманск қаласына қарай ұшып шыққан. Әуе лайнерінің бортында 78 адам болған - 73 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі. Көп өтпестен әуе кемесінің командирі ұшақты кері бұрып, Шереметьевоға шұғыл қонуға рұқсат сұрайды. Жерге қатты қонған оның шассиі сынып, қозғалтқышы жанған. Кейін жалын SSJ-100 фюзеляжын шарпыды. 41 адам қаза тапты.

Қайғылы оқиғадан аман қалған мурманскілік Михаил Савченко оқиға жайлы айта келе, ұшақтан сөмкесін ала шыққан кейбір жолаушылар жайлы айтып қалды.

"(...) Мен айтқалы отырған тағы бір жағдай ең күрделісі әрі екіұшты мәселе. Сөмкесін ала шығып жатқандар жайлы не айтарымды да білмеймін. Бұл істерін құдайға тапсырдым. Бірақ оларды жамандап, қудалаудан аулақ болуды сұраймын, олар да қазір қайғыдан қан жұтып отыр. Жанып жатқан тозақта бір адам болса да суыққандылықпен, сабырмен шабадан арқалады деп айта алмаймын. Мұндай жағдайда психиканың қандай болатынын білмеймін, мамандар білер. Көбі алды-артын ойламай, ойланбастан әрекет еткен шығар. Білмеймін", - деп жазды аман қалған жолаушы.

Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық авиация ардагері Дмитрий Душимовтен ұшақта төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін сұрап-білді. Оның пікірінше, мұндай жағдайда алаңдамай, сабыр сақтап тұру өте қиын.

"Статистикалық мәліметтер бойынша ұшақ бортының артқы бөлігіндегі жолаушылардың аман қалуға деген мүмкіндігі жоғары. Бірақ әрқилы жағдай болады, кесіп-пішіп айта салатын жағдай емес. Бастысы төтенше жағдай кезінде стюардессалар мен командирдің айтқан ескертпелері мен кеңесін тыңдау керек. Ұшаққа кіргенде апат шығу жолдарын қарап, біліп алған жөн", - дейді маман.


© pixabay.com

Сондай-ақ, абыр-сабыр шу шығып жатқан жерде дауыс көтеріп адамдарды басқару да екіұшты мәселе дейді бұрынғы инженер-пилот. "Себебі сіз секілді қаншама адам неше түрлі ойда болады, барлығы айғай-сүреңнен шошып, жүрегі әлсіздер мен балаларға кері әсер етуі мүмкін. Бастысы шудан ес жоғалтпай, қауіптің деңгейін бағамдау керек. Адам баласы болғандықтан абыр-сабыр сәтте қолжүктеріне жармасуы қалыпты жағдай. Сабырлы, ұстамды болуға тырысыңыз, жаныңыздағы адамдарды жұбатыңыз. Жағдайды бағалаңыз, нақты қауіптің бар екеніне көз жеткізіңіз, оның қайдан таралатынын анықтаңыз, сосын асықпай айғай-сүреңсіз есікке қарай бағыттап сырт жаққа жылжи бастаңыз", - дейді авиация маманы.

Маманның айтуынша, ұшақ өртенгенде қауіп оттан емес, түтіннен келеді. 

"Мақта-мата немесе жүннен тоқылған киім арқылы ауа жұтыңыз, оны суға дымқылдап алу мүмкіндігі болса дұрыс. Ұшақ бортындағы түтіннен уланбау үшін еңкейіп, тіпті тізерлеп, шығатын бөлікке қарай беттеңіз, себебі түтін жоғарыда қою болады. Денеңіздің ашық бөлігін отқа тигізбей, қолға ілінген киім-кешек жауып алғаныңыз жөн", - деп кеңес берді ол.

Апат жағдайында ұшақ жарылуы мүмкін екен, сондықтан әуе кемесі қонған сәтте уақыт жоғалтпай, далаға шығуға асығу керек. 

"Жүретін негізгі жолда заттар шашылып, өте алмайтын болсаңыз, орындықтардың үстімен өтуге тырысу керек. Эвакуация кезінде қолжүкті тастау керек. От жалыны шарпып тұрған, қою түтін шығып жатқан люктерден шығудан аулақ болыңыз", - дейді Душимов.


© pixabay.com

Мұнымен қатар, ұшақтан шыққан жағдайда оның маңында тұрудың өзі қауіпті екен, өйткені ұшақ жарылуы мүмкін, сондықтан одан қашық кету керек немесе жерге жатып, басты екі қолмен жауып жату керек

"Әр ісіңізде сенімді әрі батыл болуыңыз керек, осы жағдайда аман қалуға мүмкіндігіңіз болады", - дейді ол.

Бұрынғы инженер-пилот адамдардың өмірін құтқаратын технология енгізу жайлы ұсынысын да айтты.

"Меніңше, ұшақ бортындағы жоғарыда тұратын жүксалғыштарды автомат тәртіпте құлыптап, қажет кезде ашатын мүмкіндік қарастыру керек. Ал оны ашу мен құлыптау орталықтандырылып, бортсеріктердің немесе лайнер командирінің басқаруына берілсе дұрыс болар еді. Өйткені жолаушы өз затын ала алмайтынын бірден аңғарып, шығуға ыңғайланады. Бұл технология арқылы жолаушы өзге адамдардың жолын бөгемей, секундтар рөл ойнайтын сәттерде қателік жасамайтын еді", - дейді Душимов.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети