16 апреля 2019 | 18:06

Қазақ сапарға шықпайтын, малды алысқа жаймайтын кез - Бесқонақ

© Elana.kz

Жыл сайын бір мезгілде қайталанатын құбылыстар бар. Мысалы, сәуірдің ортасына қарай елімізде күн салқындап, жаңбыр, тіпті, қар да жауып жатады. Мұны халық "бесқонақ" немесе "от амалы" деп атайды. Тengrinews.kz тілшісіне сәуірде болатын осы бір табиғи құбылыс туралы жазушы-этнограф, академик Болат Бопайұлы айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жыл сайын бір мезгілде қайталанатын құбылыстар бар. Мысалы, сәуірдің ортасына қарай елімізде күн салқындап, жаңбыр, тіпті, қар да жауып жатады. Мұны халық "бесқонақ" немесе "от амалы" деп атайды. Тengrinews.kz тілшісіне сәуірде болатын осы бір табиғи құбылыс туралы жазушы-этнограф, академик Болат Бопайұлы айтып берді.

Оның айтуынша, ежелде қазақ "бесқонақтың" алдында айға қарап көктеуге шыққан екен.

Реклама
Реклама

"Сәуірдің 5, 6, 7-сі күндері ай тоғысады. Дәлірек айтқанда, айдың Үркер жұлдыз шоғыры (Плеяды) басып өтуін тоғыс деп атаған. Қазақ осы тоғыс күні аспанға қарап, ауа райын болжаған екен. Мысалы, Үркер айға жақындаған күні ауыл жерге қонады. Ал жұлдыз айдың тасасында қалған күні ерулейді, айдан өткен күні өріп шығады. Осы үш күндегі ай тоғамына қарап, қазақ алдағы бір жылдың ауа райын болжап отырған", - дейді этнограф.


© KakProsto.ru

Осы ай тоғысынан кейін көп ұзамай "бесқонақ" басталады. Оның басталу уақыты әр өңірде әр түрлі. Бір аймақта бұл құбылыс 17-23 сәуірде болады деседі. Басқа бір өңірде сәуірдің сегізі кіріп, он сегізі шығады деп болжаған. Ал батыс аймақта "бесқонақ" 13-18 сәуір аралығында болады.

"Бесқонақ" келген кезде көктем шуағына жылынып тұрған дала борап, жаңбыр мен қар жауады. Күн суытып, қыс қайта басталғандай әсер де болуы мүмкін. "Бесқонақ" күндері қазақ сапарға шықпаған, малды да алыс жерге жаймаған. Себебі бұл күндері ауа райын болжау қиын.

Болат Бопайұлының айтуынша, сәуірде жауатын осы алғашқы жаңбырды қазақ жақсылыққа жорыған.

"Сәуірде жауған жауынға қазақтар басын тосқан. Себебі "көктемдегі жауын - сауып тұрған сауын" деп айтады. Яғни, сәуірде жауған жаңбырдың емдік қасиеті бар деп санаған. Халық сол жаңбырға басын тосса, жыл бойы басы ауырмайды, ауыртпалықтар кетеді деген наным болған", - дейді Бопайұлы.

"Бесқонақ" халыққа ауыртпалық түсіргенімен, жыл сайын осы мезгілде ауа райының бұзылуын қалайды екен. Себебі "бесқонақ" жауын-шашынсыз, тып-тыныш өтсе, ол жаман ырымға баланады. Демек, жазда жаңбыр аз болып, астық дұрыс шықпайды деп сенген.


© Azh.kz

Осы құбылыстың неге "бесқонақ" деп аталуына қатысты аңыздар бар.

"Баяғыда бес адам жаз шыққан екен деп, жеңіл киініп, екінші ауылға қонаққа кеткен. Бірақ жолда күн суып, қарлы боран соғып, қақаған қыс қайта келіпті. Сол кезде жолдағы бес қонақ дүниеден өтіпті. Содан кейін бұл күндерді "бесқонақ" деп атап кеткен", - дейді этнограф.

Бопайұлының пікірінше, қазір еліміздің басым өңірінде жауып жатқан қар мен жаңбыр осы "бесқонаққа" байланысты.

"Мысалы, бүгін Алматыда "бесқонаққа" байланысты жаңбыр жауып жатыр. Күн бұлттанып, әлі бірнеше күн жауын болады", - дейді ол.

Айта кетейік, синоптиктер алдағы күндері жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, тұман, көктайғақ болатынын болжаған еді. Сонымен қатар, еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасы 10 градусқа дейін төмендейді. Ал Көкшетауда кеше, 15 сәуірде қар жауған болатын.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная