Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 марта 2018 17:06

Қазақстанда кімдерге некеге тұруға құқық берілмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстративное фото с сайта pixabay.com Иллюстративное фото с сайта pixabay.com

Қазақстанда кімдерге некеге тұруға құқық берілмейтіні анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстанда кімдерге некеге тұруға құқық берілмейтіні анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 
№ 518-ІV Кодексінің 11-бабына сәйкес елімізде неке қиюға жол берілмейтін адамдардың бес санаты бар.

Бірінші кезекте Қазақстанда біржынысты адамдардың және жақын туыстардың неке қиюына рұқсат етілмеген. Үшінші категория - некелесіп қойғандар, яғни екінші рет некелеспек ойдағы адамдар. 

Сонымен қатар, баланы асырауға алғандар мен асырап алынған балалар арасында және асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалар арасында неке қиюға рұқсат етілмейді.

Қазақстан аумағында неке қиюына құқы жоқ адамдар санатының тізімінде бесінші болып тұрғандар - соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша екі адамның біреуі болсын психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған болса, оларға некелесуге (ерлі-зайыпты болуға) жол берілмейді.

Министрліктің мәліметі бойынша, діни некелесу, салттар және салтанатты рәсімдер бойынша неке қию органдарында қиылғаны заңды болып есептелмейді және сәйкес құқықтық салдар туғызбайды.

Сонымен қатар, азамттық неке мәселесіне байланысты ер мен әйелдің, сондай-ақ бір жыныстағы адамдардың шын мәнінде бірге тұруы неке (ерлі-зайыптылық) деп танылмайды екен.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети