Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
18 июня 2020 18:18

Қазақстанда тұмауға қарсы екпе қашан басталатыны айтылды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

1 қазаннан бастап тұмауға қарсы екпе салынады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


1 қазаннан бастап тұмауға қарсы екпе салынады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жаппай вакцинациялау халық ішіндегі арнайы топ өкілдеріне салынады.

"Тұмауға қарсы вакцинация жоспарға сәйкес 1 қазанда басталады. Вакцина тұрғындардың арасында арнайы топтарқа салынады. Жиі ауыратын балаларға, балалар үйінде жұмыс істейтін, мүгедектер үйіндегі медицина қызметкерлеріне, қарттар үйіндегі персонал мен контингент, 60 жастан асқан тыныс алу, жүрек-қан тамыр созылмалы аурулары бар тұлғаларға егіледі. Бұлар - тұмаудан қорғауды қажет ететін топтар", - деді Ләззат Ақтаева ОКҚ онлайн-брифингінде.

Бұған дейін ол брифингте еліміздің 15 аймағында коронавирус жұқтыру өсімі тіркелгенін айтқан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети