Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 января 2022 10:49

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Төлеубек Аралбай дүниеден өтті

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төлеубек Аралбай. © auezovtheatre Төлеубек Аралбай. © auezovtheatre

Театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері Төлеубек Аралбай 72 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы театрдың баспасөз қызметі естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері Төлеубек Аралбай 72 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы театрдың баспасөз қызметі естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақ өнері мен мәдениеті ауыр қазаға ұшырады. 72 жасқа қараған шағында театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері Төлеубек Мұхамеджанұлы Аралбай дүние салды", - деп жазды театр баспасөз қызметінің өкілдері. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мұхтар Әуезов театры ? (@auezovtheatre)

Төлеубек Аралбай 1950 жылы 18 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Өнерге құштар ол бала кезінен-ақ қаладағы Пионерлер Сарайының драма үйірмесіне қатысты. Оның өнердегі ең алғашқы ұстазы атақты режиссер И.Вишневский болды. 1964-1966 жылдары Семей облыстық музыкалық драма театры жанындағы студияны оқып бітірген соң театрдың қазақ тобына қабылданып, алғашқы рөлдерін орындады.

1970-1973 жылдары әскери борышын өтеген соң Қазақ Мемлекеттік Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы екі жылдық студияға оқуға түсіп, белгілі сахнагер Райымбек Сейтметовтің класынан 1975 жылы бітіріп шығады да, Көркемдік кеңестің шешімімен қарашаңырақ театрдың актерлік тобына қабылданады. Театр спектакльдеріне студияда оқып жүргенде-ақ қатысқан оның алғашқы ролі Оралхан Бөкеевтің "Құлыным менің" драмасындағы Жігіт еді. Содан бері өткен қырық екі жыл ішінде ол сахнаның үлкен шеберіне айналды.

Шығармашылық қуаты мол, диапазоны кең актердің театрдағы трагедиялық рольдері: Софоклдың "Эдип патшасындағы" Эдип, Шекспирдің "Юлий Цезаріндегі Октавий, "Кориоланындағы" Кориолан, "Гамлетінде" Клавдий, Чеховтың "Сүйікті менің ағатайымда" Серебряков, Бөкейдің "Қар қызында" - Сиыршы шал; комедиялық рольдері: Әуезовтің "Айман-Шолпан" комедиясының екі қойылымында да Маман, Саид Ахмадтың "Келіндер көтерілісіндегі" Тілші жігіт, И.Саввин, Ж.Тәшеновтің "Көшеде жүрген пақырды, әкім бол деп шақырдысындағы" Нұртаза, У.Гаджибековтің "Аршын-мал аланындағы" Сұлтанбек; Б. Брехтің "Пері қатынында" Полковник.

Сонымен қатар, "Аждаһа жылы", "Шоқан Уәлиханов", "Азиат", "Қызжылаған", "Шегіртке", "Көшпенділер", "Рекэтир", "Періште", "Мұстафа Шоқай", "Астана – любовь моя", "Жаужүрек мың бала", "Жоюшы", "Ликвидатор" және басқа фильмдерде негізгі рольдерде ойнаған.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети