07 ноября 2018 | 14:50

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері: Қынаменде

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

Tengrinews.kz "Қазақтың ұмытылған дәстүрлері" атты мақалалар топтамасын қолға алған болатын. Бұл жолғы дәстүр - Қынаменде.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz "Қазақтың ұмытылған дәстүрлері" атты мақалалар топтамасын қолға алған болатын. Бұл жолғы дәстүр - Қынаменде.

Қазақтың көне дәстүрлерінің бірі қынаменде туралы түрлі мағлұмат бар. Бірінде қынаменде - ұлттық ойын-сауық кеші. Күйеу жігіт қалыңдық отауына немесе қыз жеңгесінің үйіне жолдастарымен алғаш келген күні өтеді, шығыста Қынаменде кеші күйеу қалыңдықпен кездескен күннің ертеңінде де өткізіледі. Қынаменде кешіне қатысушы қыз-келіншектер қызыл-жасыл киініп, тырнақтарын бояйтын болған делінеді.

Реклама
Реклама

Енді бірінде құда түсіп, уәде пісіп, қалыңмал төлеген соң, күйеу жігіт атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы "қынаменде" деп аталады делінген.

Осы орайда қынаменде дәстүрі туралы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, этнографиялық "Дəстүр" журналының бас редакторы, ақын Қасымхан Бегмановтан сұрап көрдік.

"Ақын Абайдың өлеңінде "Қынаменде, жар-жар мен беташар бар; Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?" деген жолдар бар. Сол айтылған қынаменде туралы филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлынан сұрап көрдім және бұл туралы "Дəстүр. Кеше. Бүгін. Ертең" атты төрт томдығымда жаздым. Ол кісі былай деген болатын: "Қынамендені жаңғыртсақ, тойымыз да жарасымды болар еді", сол ағамыздың айтқанын әңгімелейін. Ол да бұл дәстүр туралы біраз іздеп, зерттеген және ақыры тапқан. Қынаменде дәстүрі ертеде қазақтардың құдалығы кезінде өткізіліпті", - дейді ол.


© osken-onir.kz

Бегмановтың мәліметтері бойынша, қынаменде былай басталған: ұлы бар әке ел аралап, қызы ұнаған үйдің керегесіне қамшысын қыстырып кететін болған. Бұл құдалықтың бастапқы белгісі екен.

"Қамшының ізін суытпай, қыздың үйіне жаушы баратын болған. Ол кісі қыз жақтың ризашылығын алса құдалар келіп, қалың мал жағын келіскен. Осыдан кейін құдалық болып, қалыңдықты алып кету үшін қыздың үйіне құдалар барған. Қынаменденің қызығы осы кезде басталады. Қазақтар құдаларды күлкіге қарық қылып, түрлі ойындар ойнап, түрлі өнер көрсетуді өтінген, сөйтіп, жақындасуға тырысқан. Бір жағынан бұл тойдағы тамаша бір сәт болған", - деді ол.


© egemen.kz

Бұл дәстүрдің ең басты мақсаты екі ауылды жақын қылу, достық орнату, дала халқына тән әзіл-оспақ, көрген жұртты күлдіретін театрландырылған юмордың бір түрі сияқты болған екен.

"Қынаменде құдалар қызды алып кетуге келгенде жасалған дәстүр. Яғни, қызын берейін деп отырған тарапта қимастық болады. Сол үшін бір жағы қалжың, екіншіден осылайша танысу жақсы, үшіншіден қимастарын алып бара жатқан құданы біраз қинап алу болған. Ойынның қызығына түсіп, бірінен кейін бірін ойнап, күлкіге қарық болып жүргенде ауыл ақсақалы келіп, "Болды, қинамаңдар енді, тоқтаңдар!" дегеннен кейін құданы қинау тиылатын болған. Сөйтіп, "Қинамаңдар" сөзінен кейін қынаменде шыққан", - деді Бегманов.

Айтуынша, қазір тойдағы асабалар түрлі орынсыз ойындар ойнатып, әзілдер айтып жатады, оның орнына қынамендені жаңғыртуға болады.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная