Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 декабря 2020 16:27

Қордайдағы қақтығыс, коронавирус, төтенше жағдай. 2020 жылы болған ең маңызды оқиғалар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

2020 жылы дүние жүзі халқы үшін оңайға соқпады. Коронавирус пандемиясының өзі әбігерге салып қойды. Биыл елімізде де біраз өзгеріс пен айтулы оқиға болды. Tengrinews.kz тілшісі 2020 жылы елімізде болған маңызды оқиғаларға шолу жасайды. 


2020 жылы дүние жүзі халқы үшін оңайға соқпады. Коронавирус пандемиясының өзі әбігерге салып қойды. Биыл елімізде де біраз өзгеріс пен айтулы оқиға болды. Tengrinews.kz тілшісі 2020 жылы елімізде болған маңызды оқиғаларға шолу жасайды. 

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Қақтығысқа 300-ге жуық адам қатысқан. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданды. Қақтығыс салдарынан 11 адам қаза тапты.

Қордайдағы қақтығыстан кейін Асқар Мырзахметов Жамбыл облысы әкімі қызметінен кетіп, орнына Бердібек Сапарбаев келді. Артынша төбелеске қатысқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалып, 30 қыркүйекте сот үкімі шыққан болатын. Іс 18 тамыздан бастап Алматы гарнизонының әскери сотында қаралды, себебі сотталушылардың бірі әскери адам болған.

Сот шешімімен барлық жеті айыпталушы болжамды қылмыстарға кінәлі деп танылды:

- Бұралқынов, Атанбаев және Тілеуғалиев үш жылға бас бостандығынан айырылды, оны орта қауіпсіздіктегі мекемесінде өтейді;

- Атанбаев аға сержант атағынан айырылды;

- Бежібай төрт жылға сотталды, ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді;

- Дүйсенбаев бес жылға бас бостандығынан айырылды;

- Ибрагимов жеті жылға сотталды, ол жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейді;

- Нұраханов сегіз жылға төтенше қауіпсіздік мекемесінде түрмеге жабылды.

Қазақстандықтарды алдап кеткен алаяқтар мәселесі

22 ақпанда Тараз және Қарағанды қалаларында "Гарант-24" директорлары ұсталды. Бір күн бұрын 21 ақпанда "Гарант-24 Ломбард" ЖШС салымшылары Жамбыл облысы полиция департаментіне алданып қалғандарын айтып, шағымданған. Артынша бірнеше аймақтағы "Гарант-24 Ломбард" филиалдарының директорлары қолға түсті. Сонымен қатар, бұған дейін ломбардтарды жарнамалаған әртістердің басы дауға қалды. Олар халық алдында кешірім сұрап, өздері де алданып қалғанын айтты. 

Кейіннен "Гарант 24 Ломбард", "Выгодный заем" және "Еѕтате Ломбард" басшыларына қатысты 32 қылмыстық іс тіркеліп, 51 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Полицияға 17 мыңнан аса адам өтініш білдірді. Шығын 22 миллиард теңгеге бағаланды.

Одан бөлек, 15 қыркүйекте күдіктілерден 70 миллион теңгеден аса ақша тәркіленді, олар қылмыстық әрекетті жүзеге асыру кезеңінде сатып алынған әртүрлі мүлік тәркіленді. Олардың ішінде - 15 автомобиль, екі жүк самосвалы, екі автокран, 29 пәтер, алты үй, үш жер учаскесі, бес тұрақ орны, бір кешен (кафе-бильярд бөлмесі) бар. Күдіктілердің тәркіленген мүліктің жалпы құны екі миллиард теңгеден асады.

Наурыз айында елімізде коронавирус анықталды

Елімізде коронавирус алғаш 13 наурызда анықталды. Ол - Германиядан ұшып келген екі Қазақстан азаматынан: 1974 жылғы ер адам мен 1984 жылғы әйел адамнан анықталды. Олардың біреуі елге 10 наурызда, екіншісі 12 наурызда ұшып келген. Дәл сол күні тағы бір жағдай тіркелді: Мәскеу арқылы Миланнан (Италия) Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген әйел адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Көп ұзамай коронавирус Қазақстанның өзге аймақтарынан да тіркеле бастады. Тек Қостанай облысы біраз уақытқа дейін бір де бір науқас тіркелмеген жалғыз аймақ еді. Алайда 3 сәуірде облыста COVID-19 жұқтырған алғашқы адам анықталды.


© Әлихан Сариев

15 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Төтенше жағдай 16 наурыз сағат 08:00-ден бастап 15 сәуір сағат 07:00-ге дейін созылады деп шешілді. 19 наурызда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізіліп, адамдардың кіріп-шығуы шектелді. Сауда орындары жабылып, тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар өз жұмысын жалғастырды.

22 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда блокбекеттер қойылып, шығатын жолдар толығымен жабылды, әуе және теміржол қозғалысы тоқтатылды.

© РИА Новости

Айта кетейік, бүгінде елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 148 708-ге жетті. Оның ішінде, 133 510 адам аурудан айықты, жалпы 2196 адам қайтыс болды.

42 500 теңге

Статистика бойынша, елімізде өз бетінше жұмыспен қамтылған 2 миллионнан аса адам бар. Осыған байланысты Тоқаевтың 23 наурыздағы тапсырмасына сәйкес мемлекеттік сақтандыру қорынан төтенше жағдайда табысынан айырылған адамдарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем беру тапсырылған.

42 500 теңге біріншіден, жалдамалы қызметкерлерге, екіншіден, жеке тұлғалар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға берілді. 

Мамырда төтенше жағдай режимі аяқталды

27 сәуір күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдайдың мерзімін ұзарту туралы мәлімдемесі жарияланды. Президент шығарған жаңа жарлыққа сәйкес, Қазақстанда 16 наурызда басталған Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін созылатын болды. Карантин режимін біртіндеп жеңілдету туралы шешім қабылданды. Елдегі жағдайдың тұрақтануына байланысты 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасындағы әуе қатынасы жанданды.


© Тұрар Қазанғапов 

Маусымда блокбекеттер алынды

1 маусымға қараған түні Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы блокбекеттер алынды.

Алматыда барлығы 27, ал Нұр-Сұлтанда 6 блокбекет қойылған еді.

Алайда блокбекеттердің алынғанына қарамастан карантин және қатаң санитарлық шектеулер сақталып тұрды.

Ұлттық аза тұту күні жарияланды

13 шілде Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Сол күні Қазақстанның барлық қаласында мемлекеттік тулар түсірілді. Ал Нұр-Сұлтан уақытымен 12:00-де елде бір минуттық үнсіздік жарияланады. 

Көңіл көтеру іс-шаралары тоқтатылып, радио және телеарналарда ойын-сауық бағдарламалар мен жарнамалар көрсетілмеді. Қазақстанда көптеген БАҚ трагедияға байланысты ақ-қара түсті форматқа ауысты. Тәуелсіздік алғалы Қазақстанда тоғызыншы рет ұлттық аза тұту күні жарияланды. 

Қашықтан оқу 

Биылғы жаңа оқу жылын мектеп оқушылары мен студенттер қашықтан оқып бастады. Айта кетейік, оқушылар коронавирустың өршуіне байланысты 6 сәуірден бастап қашықтан оқуға көшіп, төртінші тоқсанды аяқтаған болатын. Биылғы оқу жылының екі тоқсанында барлық білім алушы қашықтан оқыды. Ал үшінші тоқсаннан бастап бітіруші сынып оқушылары (9, 11, 12 сынып) санитарлық талаптарды сақтай отырып аралас оқуға көшеді. Яғни сабақтың 70 пайызы дәстүрлі форматта өтсе, 30 пайызы қашықтан оқытылады.

Жоғары оқу орындарының 1-курс студенттері де аралас оқуға көшеді.


© pexels.com

Зейнетақының бір бөлігін алуға рұқсат етілді 

Сонымен қатар, қыркүйек айында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етілетіні белгілі болды. Бұл туралы Президент кезекті жолдауында айтты. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, келер жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бөлігін үй алу, емделу үшін пайдалана алады немесе қаржы ұйымдарының басқаруына бере алады. Бүгін парламент заңды қабылдағаны белгілі болды. Заң Президентке қол қоюға жіберіледі.

Борат дауы

Атышулы "Борат" фильмі қазан айында қызу талқыға түсті. Себебі 23 қазанда "Бораттың" екінші бөлімі шықты. Кейіннен желіде басты ролдегі актер Қазақстанның туын ұстап жағалауда бірнеше адаммен билеп жүрген видеосы тарады. Бұл оқиғадан кейін қазақстандықтар желіде "Мен өз туымды мақтан етемін" деген флешмоб бастап, әлеуметтік желідегі парақшаларында Қазақстанның мемлекеттік туымен түскен суреттерін бөлісті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????? (@_sdvksva)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ведущий, Шоумен? (@temirkhan_tasbolat)

Ағаштардың кесілуі 

23 қарашада алматылықтар Әуезов пен Төле би көшелерінің қиылысындағы ағаштардың кесілгеніне наразылық білдірген болатын. Тұрғындардың кейбірі ағаштардың кесілгеніне Sulpak компаниясы кінәлі екенін жазған болатын. Алайда Sulpak өкілдері ағаштар кесілген аумақ компания меншігіне жатпайтынын мәлімдеген еді. 


© Әлихан Сариев/Tengrinews.kz

Көп ұзамай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Ол Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік терксеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды.

"Қазақстан деген ел болмады"

Бұл - "Первый канал" эфирінде Мемлекеттік Дума депутаты Вячеслав Никоновтың сөзі. Қызу талқыға түскен мәлімдемені біреуі қолдаса, көптеген қазақстандық депутаттың Instagram желісіндегі парақшасына "шабуыл" жасаған болатын. 

"Болмай қалғыр тарихшылар". Танымал ресейліктер дума депутаттарына жауап берді

Қазақстан жері туралы даулы мәліметпен жасаған ресейлік депутаты өз сөзін былай түсіндірді:

"Қазақ СР шекарасын Бекітте Қазақстан мүдесті толықтай ескерілді. Кейін Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болды. Мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан халқына ыстық ілтипатымды біліп," Большая игра" бағдарламасында мен дәл осы нәрсені айттым", - деп жазды депутат Telegram-каналында.

Бүгін сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Никоновтың айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді. 

"Ал Федоровтың сөздеріне келер болсақ, ол кеше де сөзін қайталады, маған қазақ ретінде, Қазақстан азаматы ретінде бұл менің абыройыма тиеді. Жоғары білімі бола тұра, Отанымыздың тарихын біле тұра, орыс тілінде былай жауап беремін - это бред сивой кобылы. Мұндай мәселелер көтерілгенде бірінші кезекте тарихшыларға, ғалымдарға сүйену керек", - деді министр. 

Вакцинация

Желтоқсанда 2021 жылдан бастап қазақстандықтарға ерікті түрде жаппай вакцина егу жоспарланып отырғаны туралы белгілі болды. Алғашқы кезеңде тұрғындардың ауруды жұқтыру қаупі жоғары тобы, яғни дәрігерлер, педагогтар, күштік құрылымдардың қызметкерлері қамтылады.

Қазақстандық вакцина сынақтың екі кезеңінен өтті, 25 желтоқсанда үшіншісі басталады. Премьер-министрдің айтуынша, ешқандай жанама әсерлер тіркелмеген, отандық вакцина жоғары тиімділікті көрсетті. Сынақтар 2021 жылы наурыздың соңында бітеді.

Головкиннің жеңісі 

Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин поляк Камил Шереметамен жұдырықтасып, титулдарын 21-рет қорғап қалып, жаңа рекорд орнатқан болатын. Жекпе-жек 7-раундтан кейін шешілді.


© MatchroomBoxing

Шеремета төрт рет нокдаунға түскеннен кейін, кездесуді жалғастырудан бас тартты. Қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

"Есені қайтару керек". Головкин үшінші жекпе-жекте "Канелоны" жеңе ала ма?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети