Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 февраля 2020 13:06

Қордайдағы қақтығыс: Оқиғаның қалай ушыққаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қордай ауданының тұрғындары. Фото: Әлихан Сариев Қордай ауданының тұрғындары. Фото: Әлихан Сариев

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Қордай ауданындағы ауылдарда оқиға қалай ушыққанын және оған кімдер кінәлі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол елордада өткен баспасөз жиынында айтты.


Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Қордай ауданындағы ауылдарда оқиға қалай ушыққанын және оған кімдер кінәлі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол елордада өткен баспасөз жиынында айтты.

"Оқиғалардың хронологиясын қысқаша айтып берейін. Сағат шамамен 19.00-де Масанчи ауылының маңында тұрғындар жаппай төбелескен, оған 70-тей адам қатысқан. Полиция келген, алайда арандатушылар, куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге таратқан. Осыдан қақтығыс ушыққан", - деді ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди.

Оның айтуынша, ауылға үш ауданнан қосымша күш тартылған.

"Ашулы жастар полицейлердің талабына құлақ аспай, оларға күш қолданған, қақтығыс екі ауылда жалғасып, от қоюға дейін барды. Оқиға орнына полиция мен Ұлттық ұлан күші тартылды, сосын қақтығыс жойылды", - деді ол.

Оның айтуынша, 10 адам қаза тапқан және 43 адам ауруханаға жеткізілген, олардың 39-ы әлі ауруханада жатыр.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети