Коронавирус: елордада кімдер тегін тест тапсыра алады?

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Regnum.ru Фото: Regnum.ru

Медицина қызметкерлері, полицейлер, жүкті әйелдер, балалар және COVID-19 вирусын жұқтырғандармен байланыста болғандар коронавирусты анықтау тестінен тегін өте алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Медицина қызметкерлері, полицейлер, жүкті әйелдер, балалар және COVID-19 вирусын жұқтырғандармен байланыста болғандар коронавирусты анықтау тестінен тегін өте алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болғандар, жүкті әйелдер, балалар тегін тексеріле алады. Қазір таңда профилактикалық жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Осыған байланысты медициналық қызметкерлер, полиция мен блокбекеттегі азаматтар тексеріледі", - деді Сәуле Қисықова.

Сондай-ақ, ол астаналықтар медициналық тексерісті қайдан өте алатынын айтты.

"Жедел респираторлық вирус инфекциясын жұқтырғандар елордадағы №2 емханада тегін қарала алады. Ал №6 және №9 поликлиникада провизорлық емхана ашып қойдық. Онда Нұр-Сұлтанға ем алуға келген науқастар мен қала тұрғындары, жүкті әйелдер ауруханаға жатқызылмас бұрын осы емханаларда міндетті түрде мединалық тексерістен өтеді", - деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Сонымен қатар, Сәуле Қисықова жекеменшік зертханада коронавирусты анықтауға тексерілу қызметінің құны қанша болатынын атап өтті.

"Алматымен әуе жолы ашылды. Осыған байланысты тұрғындар міндетті түрде тексерістен өтуі керек. Қалада бірнеше зертхана орталығы бар. Олар бағаны өзі белгілейді. Мұнда тест тапсырудың ақысы 11-20 мың теңге аралығында", - деді ол.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 3273-ке жетті. 829 науқас жазылды, 25 адам қайтыс болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 509.84  course up  567.54  course up  6.32  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 18
Астана 18
Актау 16
Актобе 16
Атырау 22
Б
Балхаш 17
Ж
Жезказган 16
К
Караганда 14
Кокшетау 13
Костанай 21
Кызылорда 14
П
Павлодар 11
Петропавловск 20
С
Семей 14
Т
Талдыкорган 19
Тараз 24
Туркестан 15
У
Уральск 14
Усть-Каменогорск 21
Ш
Шымкент 17

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer