Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 мая 2021 17:31

Коронавирустан қайтыс болғандар туралы ақпарат неге өзгерді? ДСМ жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері коронавирустан қайтыс болғандар туралы статистика неге өзгергенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері коронавирустан қайтыс болғандар туралы статистика неге өзгергенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, былтыр қарашадан бастап іс-шаралар жоспары жасалған. Елдегі жетекші мамандармен жұмыс істеліп, ақпараттық жүйеге талдау жасап, сондай-ақ, барлық өлім жағдайын есепке алу және талдау бойынша медициналық ұйымдардың жұмысы жүргізілген.

"Денсаулық сақтау министрлігі мен ұлттық статистика бюросымен бірге ДСМ ақпараттық жүйелерінде өлім жағдайлары бойынша барлық дерек қалыптаспайтынын ескере отырып, барлық статистикалық деректі салыстырып тексердік. Жеке медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйелерге қол жетімділігі жоқ болғандықтан бюроға да, Денсаулық сақтау министрлігіне де жеткізілген барлық ақпарат салыстырылып, талданды. Сондай-ақ, кейбір жағдай АХАЖ органдарында тікелей тіркелді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі комиссия берген өлім-жітімді қарауды ескере отырып, өлім-жітімге персификацияланған талдау жүргізді", - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте.

Оның айтуынша, былтыр коронавирус инфекциясынан көз жұмғандар саны - 4729 адам: оның ішінде, коронавирус инфекциясынан 1783 өлім жағдайы, коронавирус инфекциясы нақтыланбаған 2946 өлім жағдайы тіркелген. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда пандемия басталғалы бері коронавирус пен пневмониядан 6 523 адам қайтыс болғаны хабарланған болатын. Жалпы көрсеткіш бұрын айтылған мәліметтерге қарағанда 1,5 мыңға жуық жағдайға көп.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети