Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 сентября 2021 14:31

"Құдалықтан қалған сияқты". Түркістан облысында оқушыларға өлшемі үлкен киім берілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысындағы көпбалалы отбасының балаларына үлкен мөлшердегі мектеп формасы берілген. Бұған қатысты жергілікті білім басқармасы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Түркістан облысындағы көпбалалы отбасының балаларына үлкен мөлшердегі мектеп формасы берілген. Бұған қатысты жергілікті білім басқармасы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мектеп формалары өздерінен бірнеше есе үлкен балалардың суреті әлеуметтік желілерде пайда болды. Суретте балалардың үстіндегі костюм, шалбары, тіпті аяқ киімі де өзінен үлкен екені көрсетілген. 

"Түркістан облысында көпбалалы отбасылардың балаларына көмек ретінде осындай костюм-шалбарлар берілген. 4 оқитын бала қалай 46 размер (өлшем) кимек?! Төплилері маған дәл. Құдалықтан қалған киімдер секілді", - деп жазды блогер Дәулет Төлеутайұлы. 

Фото: instagram.com/dauletten

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мәліметінше, барлық киім ауыстырылып, балалардың өзіне сәйкес форма берілген.  

"Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі Вафаева Гульшат Фархадовнаның 7-баласының киім өлшемдерін анасы мектеп әкімшілігіне берген. Анасының сұранысы бойынша мектеп формаларымен қамтылған. Жоғарыда көрсетілген жағдайға байланысты, "Ащыбұлақ" жалпы орта метебінің қоймасына барып, барлық киімі ауыстырылып, өздеріне сәйкестендіріліп берілді", - деді басқарма өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети