Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 февраля 2024 09:31

Курс оқып алып, массаж жасайтындар баланың денсаулығына зиян тигізбей ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Соңғы кезде балаға массаж жасайтындар көбейген. Екінің бірі табыс табу үшін әлеуметтік желі арқылы курс оқып, сүйегі енді ғана қатайып жатқан шақалаққа массаж жасайды. Бұл қаншалық дұрыс? Кәсіби білімі жетіспейтін мамандар бала денсаулығына зиян тигізбей ме? Бұл сұраққа Massaget.kz тілшісіне 32 жылдық тәжірибесі бар педиатр Гүлмира Бекболқызы жауап берді.


Соңғы кезде балаға массаж жасайтындар көбейген. Екінің бірі табыс табу үшін әлеуметтік желі арқылы курс оқып, сүйегі енді ғана қатайып жатқан шақалаққа массаж жасайды. Бұл қаншалық дұрыс? Кәсіби білімі жетіспейтін мамандар бала денсаулығына зиян тигізбей ме? Бұл сұраққа Massaget.kz тілшісіне 32 жылдық тәжірибесі бар педиатр Гүлмира Бекболқызы жауап берді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Дәрігер қазіргі балалардың массажға тәуелділігінің басты себебін түсіндірді.

"Бұрын әйелдің көпшілігі 10 баладан туған, ол уақытта массаж деген түсінік болмаған. Біз бесікте жатып, 6 айдан кейін шымыр болып, домалап, қимылдап бастағанбыз. Себебі, ол кезде ата-аналар асты ошаққа дайындап жейтін, олардың қан айналымы, тәбеті жақсы, иммунитеті жоғары болды, қанша бала туса да бірде-бір рет дәрумен ішіп көрмеген. Аналарымыз қолмен кір жуып, көп қимылдайтын. Біз бала кезімізде көп қимылдап, сорпа мен етті көп жедік, соның арқасында сау болып өстік.

Ал қазір кішкентай бала өзі еңбектемейді, ересектер көтеріп жүреді. Бала жүрсін деп аяғына ерте тұрғызады, негізі бала өзі тұрмайынша, оны қинап жүргізуге тырыспау керек. Сондай-ақ, кішкентай балалардың жейтін тамағының сапасы төмен болғандықтан, иммунитеті төмен, қан айналымы нашар болады, дұрыс ұйықтамайды, мұның бәрі түрлі ауру туғызып, сүйектің дұрыс бітпей, массажға тәуелділікті тудырады", - деді маман.

Сонымен қатар, Гүлмира Бекболқызы баланың иммунитетінің төмен болуына анасының жүктілік кезіндегі жағдайы да әсер ететінін айтты.

"Сау анадан сау бала туады" демекші, қыз баласы тұрмыс құрмаған кезінен бастап, сақтану керек. Сау әйелде жүктілік кезінде токсикоз болмауы керек, ал қазіргі қыздар жүктіліктің 1-2 айынан бастап, токсикоздан тамақ іше алмай, дәрінің көмегімен жүреді. Әйел ғана емес, ер адам да, ерлі-зайыпты бірге балалы болу туралы ойлап бастаған кезде барлық талдауды тапсырып, дәрумен ішіп, ауру болса ем қабылдап, жүктілікті ақылмен жоспарлауы қажет", - деді педиатр.

Маманның айтуынша, адам ағзасында қан аздық болса, кез келген ауруды бірден қабылдайды. Егер болашақ ана жүктілік кезінде ағзадағы барлық жетіспеушіліктің орнын толтырса, бала 100 пайыз сау туып, 3 жасқа дейін ауырмайды.

"Кейде жасы 2-3 толған, бірақ тіпті секіре алмайтын балалар кездеседі. Себебі, олар сыртқа шығып ойнамайды, таза ауа жұтпайды.

Сондай-ақ, қазір кез келген адамда созылмалы герпес бар. Аутизм, даун синдромы, церебральды сал ауруымен (ДЦП) ауыратын балалар санының көбеюінің де бірден бір себепшісі осы герпес", - дейді ол.

Гүлмира Бекболқызы жаңа туған нәрестенің сарғаюы, гипертониялық ауруына шалдыққан перзентін әкелетін ата-ана саны көбейгенін жеткізді. Мұндай сәби не балаға массаж дұрыс жасалынбаса, ол церебральды сал ауруына айналады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети