Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 марта 2020 11:58

Маман сау адамды маска неге құтқара алмайтынын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Соңғы екі айда коронавирустың жаңа түрі COVID-2019 таралуына байланысты медициналық маска тапшылығы айналасында айтылатын әңгіме көп. Тіпті билік те бұл талапты орындауға кіріскен. Оған дәлел - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, қазақстандық кәсіпорындар медициналық масканың өндіріс көлемін 6 миллион данаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.


Соңғы екі айда коронавирустың жаңа түрі COVID-2019 таралуына байланысты медициналық маска тапшылығы айналасында айтылатын әңгіме көп. Тіпті билік те бұл талапты орындауға кіріскен. Оған дәлел - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, қазақстандық кәсіпорындар медициналық масканың өндіріс көлемін 6 миллион данаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Шымкентте, Алматы облысында, Жамбыл облысында және Алматы қаласында маска өндіретін мекемелер қазіргі таңда тәулік бойында жұмыс істеп жатыр.

Алайда, таяуда еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық бетперде тапшылығына қатысты пікір білдіріп, масканы сау адамдардың тағуы міндетті емес екенін мәлімдеген. 

Жамбыл облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғазиз Надуев халық арасында маска тапшылығы мәселесі туындап жатқаны психологиямен байланысты деген пікірде.

"Ауа-тамшы инфекциясынан сіз бен біз 10 теңгеге сатып алатын маска құтқармайды. Оның жан-жағы түгел ашық тұрады. Сондықтан артық уайымдамауы керек. Ал масканың 95 марка деген жан-жағы түгел жабылатын, тыныс алу фильтрі бар маскалар шын мәнінде вирустан қорғай алады. Оның да тек дұрыс түрін еліміздің денсаулық сақтау органдары бекітіп, сертификация бергені пайдалы саналады. Өзіңіз байқасаңыз, оның формасы адам басына шақ келіп, бүтіндей жауып тұрады, материалы қалың", - дейді Надуев. 


N95 үлгісіндегі маска

Ал дәке маскасын, маманның айтуынша, ауруы бар адам этикет үшін жан-жаққа таратпау үшін мәжбүрлі түрде тағады.

"Ауырған адам мұқтаждықпен көпшілік орынға шығады. Сол кезде жұртқа ауруын таратпауы үшін маска таққаны дұрыс. Ал сау адамның тағып жүргенінен пайда жоқ. Кез келген әдебиетті оқысаңыз, бір адам түшкіргенде ауа-тамшы инфекциясы 16-17 метрге дейін жететіні айтылады. Масканы бүгінде адам өзін қорғандым деп ойлап, уайымдамауы үшін тағады. Коронавирус таралып жатқаннан кейін халық дүрліккен соң ғана маскаға тапшылық мәселесі бар", - дейді ол.

Сондай-ақ, маман жұрт жаппай сатып алып жатқан дәке маскасын дәрігерлер тағуы керегін айтты.

"Бұл дәке маскасын тек медицина саласының мамандары тағады. Бұрын да солай болған. Жоқшылық заманда, фармацевтика дамымаған кезде мұндай масканы қолдан жасап, төрт қабаттап осы дәрігерлер киетін. Онда да олар өз мамандығының ерекшелігі түрлі науқаспен байланысқа түсетіндіктен еді. Сондықтан сау адам маска тақса, өзін қорғай алмайды", - деді Ғазиз Надуев.

Еске салайық, дүйсенбіде Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте министр Елжан Біртанов сау адамның маска тағуы міндетті емес екенін мәлімдеген болатын.

"Егер сау болсаңыз, сізге бетперде қажет емес. Бүгінде бетпердені медициналық ұйымдарға беруіміз керек. Себебі, ондағы медициналық қызметкерлер түрлі инфекция жұқтырған ауру адамдармен байланыста болады", - деген еді Елжан Біртанов. Сонымен қатар, ол тұмау жұқтырған адамдар бетперде тағуы маңызды екенін атап өтті. Алайда халық арасындағы дүрбелең бұл мәселені ушықтырып жіберген.

Сау болсаңыз, бетперде тағудың қажеті жоқ - Біртанов

ДДСҰ соңғы мәліметі бойынша, Қытайдың өзінде коронавирус жұқтырғандарды жалпы саны - 80304 адам болса, 2946 адам қайтыс болған. Бүкіл әлемде вирусты 90 870 адам жұқтырған. Сонымен қатар, ДДСҰ мәліметі бойынша, коронавирусқа қарсы айына 89 миллион медициналық маска керек. 

Біртанов коронавирустан қалай сақтануға болатынын айтты

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған еді. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған. Ал кеше COVID-19 тағы бес елде анықталғаны белгілі болған.  

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети