Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 августа 2021 12:47

Мектепке қандай киім киіп баруға болады? Маман түсіндірді

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Мектептерді жаңа оқу жылына дайындау барысы туралы өткен брифингте Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мектеп формасы қандай болуы керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мектептерді жаңа оқу жылына дайындау барысы туралы өткен брифингте Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мектеп формасы қандай болуы керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл балаларға мектеп формасын ғана емес, ата-ана жағдайы болмаса классикалық үлгіде киінуге рұқсат берілді. Ләззат Жылқыбаева классикалық үлгідегі киім қандай болатынын түсіндірді.

"Мектеп формасы бойынша, ең бастысы ұқыпты классикалық киім кисе болғаны. Шалбар қара-қоңыр, жейде ашық түсті. Футболка киюге болмайды, тек жейде. Аяқкиімге тыйым жоқ. Балаға туфли алуға ата-ананың жағдайы болмаса, бала кеды немесе мокасинмен жүре алады", - деді Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы.

Жылқыбаеваның айтуынша, Алматыда 278 жалпы білім беретін мектеп бар, оның 207-сі мемлекеттік, 71-і жекеменшік. Тағы 8 жекеменшік мектеп 1 қыркүйекте ашылады.

"Шамамен қала мектептерінде 1-ден 11-сыныпқа дейін 280 мыңнан астам бала оқиды. Бүгінде 30 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады", - деді ол.

Білім басқармасының басшысы мектептерде белсенді дайындық жүріп жатқанын, денсаулығына байланысты емделіп жүргендерді қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің 100 пайыз екпе алғанын атап өтті.

Мектеп формасы алдағы оқу жылында міндетті бола ма? Аймағамбетов жауап берді

Бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ата-ана ретінде де, министр ретінде де мектеп формасын киюді қолдайтынын атап өткен болатын. Алайда пандемияға байланысты классикалық киімге де рұқсат берілді. 

"Пандемияға дейін мектеп формасын кию міндетті болды. Бірақ былтыр барлық жағдайды ескере отырып, біз оқушыларға мектепке тек мектеп формасымен ғана емес, сонымен қатар, классикалық стильдегі киіммен де келуге мүмкіндік беретін шешім қабылдадық", - деген еді министр Facebook парақшасында. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети