Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 декабря 2021 16:50

"Намысыма тимейді". Шенеуніктер отставкаға кетуді талап еткендерге қалай жауап береді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейінгі күндері шаруалар ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің отставкаға кетуін талап еткен еді. Кейін оған министр жауап беріп, шаруалармен түсінік тапқанын айтқан болатын. Биыл жоғары лауазымдағы бірқатар шенеуніктерге отставка туралы сұрақ қойылған. Tengrinews.kz тілшісі шенеуніктердің отставкаға кету туралы талапқа қалай жауап бергенін еске түсірді. 


Кейінгі күндері шаруалар ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің отставкаға кетуін талап еткен еді. Кейін оған министр жауап беріп, шаруалармен түсінік тапқанын айтқан болатын. Биыл жоғары лауазымдағы бірқатар шенеуніктерге отставка туралы сұрақ қойылған. Tengrinews.kz тілшісі шенеуніктердің отставкаға кету туралы талапқа қалай жауап бергенін еске түсірді. 

"Ортақ түсінікке келдік"

Кешеден бері БАҚ-та ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке қойылған талап жазылып жатыр. Қазақстанның әр өңірінен келген шаруалар Қарашөкеевтің отставкаға кетуін талап еткен.

Елордада шаруа қожалықтарының басшылары өз талабын Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысына айтты. Олар жазғы құрғақшылықтың әсеріне төтеп беруге күш жоғын, шенеуніктер тарапынан қолдау тапшы екенін мәлімдеді. 

"Сіз қызметіңізден кетуіңіз керек, ал сіздің орныңызға халық үшін жаны ашитын жақсы маман табу керек. Ренжімеңіз, бірақ Маңғыстаудағы халық ашулы, жұмысыңызға қанағаттанбайды. Мақсатымыз - аймаққа жеделдетіп қолдау көрсету. Қыстың екі айы ғана қалды, көмектесіңіз. Егер кейінгі жылмен салыстырсақ, Маңғыстауда малдың төрттен бір бөлігі ғана қалды. Қалған мал басы өлді немесе Ақтөбе мен Оралда сатылды десем, өтірік емес", - деді министрге Маңғыстау облысынан келген фермер Әділбек Сағындықов.

Ербол Қарашөкеев. Фото:primeminister.kz

Кейін Қарашөкеевтің өзі қазақстандық шаруалардың отставкаға кету туралы талабына жауап берді. Министрлік басшысы "бұл сайланатын емес, тағайындалатын қызмет болғандықтан" Үкімет мүшелері отставкаға кетуге әрқашан дайын болуы керегін айтты.

"Кеше өңірлерден келген шаруалармен офлайн кездесу өткіздім. Айтпақшы, дәл осы кездесуде 30 қатысушының бірі менің отставкаға кетуімді ұсынды. Бұл кездесу төрт сағаттан аса уақытқа созылды. Егер журналистер талқылауға соңына дейін қатысса, онда олар кездесу соңында біз реформалар керегі туралы ортақ түсінікке келгенімізге көз жеткізер еді", - деген еді министр.

"Сынап жүргендер намысыма тимейді"

Таяуда денсаулық сақтау министрі қызметінен кеткен Алексей Цойға да бірнеше рет отставкаға кету туралы талап қойылған. Биыл жазда Цойдан брифинг кезінде журналистер отставка туралы пікірін сұраған.

Себебі күзге дейін 10 миллион қазақстандыққа вакцина салу міндеті тұрған еді, ал бұл жоспар орындалмай жатқан болатын.

"Вакцинация еліміздің әрбір азаматына, санасына байланысты. Вакцинация - ерікті элемент, біз бұл жерде біреуді мәжбүрлей алмаймыз. Тек түсіндіру саясаты, тек ақпараттық қолдау. Біз де баруға, көмектесуге шақырамыз", - деген еді Цой брифингте.

Алексей Цой. Фото: gov.kz 

Ал отставка кету туралы былай деген: "Үкіметтің кез келген мүшесіне қатысты кез келген мәселе Мемлекет басшысына байланысты. Сондықтан біздің жұмысымыз қалай бағаланады, солай шешім шығарылады".

Өткен айда экс-министр "мені сынап жүргендер намысыма тимейді" деп жауап берген еді. 

"Басшылыққа өтініш жаздым"

Қазақстан құрамасы биыл Токио Олимпиадасында сәтсіз өнер көрсеткеннен кейін мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы отставкаға жіберу туралы талап көбейген. 

Таяуда ғана журналистер брифинг кезінде Райымқұловадан отставкаға кету туралы пікірін сұраған. 

"Бұл сұрақ маған қойылды. Мен басшылыққа өтініш жаздым, бірақ ол қабылданбады. Бірнеше рет жауап бергенмін - жазбаша түрде де, тілшілерге де. Бұл сұрақ тағы да қойылып отыр, әріптестеріңіздің сұрақтарын қарамайтын сияқтысыз", - деп жауап берді Ақтоты Райымқұлова журналиске.

Ақтоты Райымқұлова

"Маған қысым көрсету әрекеті"

Биыл жазда Шығыс Қазақстан облысының бизнесмендері өңір басшысы Даниал Ахметовтің отставкаға кетуін талап еткен. Кәсіпкерлер өңірдегі тендерлерді шенеуніктерге жақын адамдар жеңіп алатынын айтып, әкімдікті айыптаған. 

Кейбірі өңірдегі кәсіпкерлерге қысым жасалатынын да айтқан. 

Даниал Ахметов. Фото: Тұрар Қазанғапов © 

Бірнеше күннен кейін Даниал Ахметов айыптауларға жауап берген. 

"Бұл - негізсіз субсидиялар беруге мәжбүрлеу, жұмыс пен қызмет көрсету сапасын арттыру талаптарына қарсы тұру мақсатында мемлекеттік органдарға және жеке маған қысым көрсету әрекеті", - деді Даниал Ахметов Kaliyev channel-ге берген сұхбатында.

Шенеуніктер журналистердің сұрағынан қалай қашқақтайды?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети