"Жаның қиындық көрмесін". Өнердегі әріптестері Жанар Хамитовамен қоштасып жатыр

16 Қыркүйек, 15:26
8
"Жаның қиындық көрмесін". Өнердегі әріптестері Жанар Хамитовамен қоштасып жатыр - Жанар Хамитова. ©
Жанар Хамитова. ©

Өнердегі әріптестері Жанар Хамитовамен қоштасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Марқұммен көп жыл бойы бірге жұмыс істеген әнші әрі продюсер Сиви Махмуди Жанар Хамитованың қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтты.

"Бала болып келіп, бала болып кеттің. Аз уақытта бауырыма басып қалған едім. Неге бұлай болды??? Жүрегім қарс айырылды. Әлі де сене алар емеспін. Жаның жәннатта болсын алтыным! Ата-анаңа қайғырып көңіл айтамын! Сен мәңгі менің кішкентай жап-жарық жұлдызымсың! Бақұл бол! Алла алдыңнан жарылқап мейіріміне бөлесінші!", - дейді әнші жазбасында. 

Сондай-ақ, пародист Асқар Көмекбаев та жеке парақшасында қаза туралы жазды.

"Жанар Хамитова өмірден өтті. Алла күнәларын кешірсін деп дұға жасап қояйық бауырлар. Тірі кезімізде бір-бірімізге жақсы сөз айтып, жақсылық жасайықшы. Өмірден өтіп кеткен соң, кешірім сұрап үлгере алмай қалуымыз мүмкін", - дейді пародист Асқар Көмекбаев.

Эстрада әншілері Ғани мен Бота туыстарына қайғырып көңіл айтқан. 

"Жанар Хамитова өмірден өтті. Өте өкінішті... Жалғыздықтан жапа шекті ғой. Туыстарына қайғырып көңіл айтамыз", - дейді дует жазбасында.

Продюсер Алуа Қонарова да қайғырып көңіл айтқан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Иманды болсын????????????????????????

Публикация от Конарова Алуа Курманалиевна (@aluakonarova)

Әнші Ерболат Құдайберген Instagram жеке парақшасында көңіл айтқан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

???????????? Иманды бол Жанар.

Публикация от ЕРБОЛАТ КУДАЙБЕРГЕНОВ???? (@erbolatkudaibergen)

"Жанар Хамитова дүниеден өтті деген суық xабар естідік Аннадан... Алла мейіріміне бөлесін. Өмір тым қысқа...", - дейді журналист Асхат Садырбай.

"Жаным досым. Жаның жәннатта болсын. Сағынамыз. Қайғырып көңіл айтамыз", - дейді әнші Рысбек Аташ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Жаным досым???? Жаның жәннәтта болсын???????????? Сағынамыз???? Қайғырып көңіл айтамыз????

Публикация от Рысбек Аташ (@rysbek_atash)

"Қайғылы оқиға, жанымызға батарлық жағдай болды бұл. Алла алдынан жарылқасын. Тағдырдың сынағына шыдай алмаған бейбақ сіңілім ай. Өмірдің ғажаптығын білмей кеттің ау?! Өкінгенмен еш шара жоқ. Жаның қиындық көрмесін", - дейді әнші Индира Расылхан.

Мұның алдында әншінің қайтыс болғаны хабарланған. 

Айта кетейік, "Арнау" дуэтінің бұрынғы солисі Жанар Хамитова Алматыда тұрып келген. Ал әншінің перзенттері Түркияда әкесімен бірге өмір сүріп жатыр. Өнер иесі ұлдарын қайтармақ болып, қорғаушы жалдаған. Алайда ол күйеуінен әлі күнге дейін қорқатынын жеткізген. Балаларын бірден алып кетпегенінің де себебі осы деген еді әнші сұхбаттарының бірінде.

Оқи отырыңыз:

"Тамырымды кесіп, асылып өлмек болдым". Жанар Хамитова соңғы сұхбаттарында не деді?

"Өнерден кетемін. Жұрттың сөзі ауыр тиді". Сиви Махмуди Жанар Хамитованың сырын айтты

Қыршынынан қиылған ғұмырлар. Арамыздан ерте кеткен жұлдыздар


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (8)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц