Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 июля 2020 12:55

Оралда карантин кезінде тойға 100 адам жиналған - ІІМ

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото pixabay.com Фото pixabay.com

Құзырлы органдардың ескертуіне қарамастан, еліміздің әр түкпірінде түрлі отбасылық шара өткізу тоқтамай тұр. Бұл туралы ішкі істер министірінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Құзырлы органдардың ескертуіне қарамастан, еліміздің әр түкпірінде түрлі отбасылық шара өткізу тоқтамай тұр. Бұл туралы ішкі істер министірінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің өкілі карантин ережесін бұзған бірқатар өңірдегі тойханалар мен дәмханаларды атады. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынған. Вице-министр кейбірінің лицензиясын алу мәселесі қаралып жатқанын айтты. Сондай-ақ ол демалыс орындарының жұмысы шектелуі мүмкін екенін атап өтті.

"Орал қаласында "Аделия" тойханасының жұмысы тоқтатылды. Себебі мұнда тойға 100 адам жиналған. Бұл жағдайда тек жауапқа тарту ғана емес, лицензиясынан айыру мәселесі қаралып жатыр. Алматы қаласында "Райский сад" банкет залы, "Достлык" кафесі 1,5 айға жабылды және 100 АЕК (277 800 теңге - авт.) айыппұл салынды. Денсаулық сақтау, әкімдік және құқыққорғау органдары қызметкерлерінің бірнеше рет ескертуіне қарамастан, түрлі шара өткізіліп жатыр. Қазір демалыс зоналарының жұмысын шектеуге қатысты мәселе талқыланып жатыр. Әр зона бойынша нақты шешім шығарылады", - деді ол ОКҚ өткен онлайн-брифингте.

Еске салайық, коронавирус пандемиясына байланысты елімізде 5 шілдеден 2 тамызға дейін карантин және шектеу шаралары күшейтілді.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 76 799-ға жетті. 48 220 науқас аурудан айықты, 585 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети