Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 апреля 2020 09:53

Павлодарда коронавирустан қайтыс болған адамға қатысты мәлімет шықты

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: nypost.com Фото: nypost.com

Павлодар облысында қауіпті індеттен көз жұмған науқас 118 адаммен байланыста болған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмаилов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында қауіпті індеттен көз жұмған науқас 118 адаммен байланыста болған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмаилов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 9 сәуірде өңірде 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталыпты. 

Сондай-ақ, қауіпті індеттен қайтыс болған 84 жастағы науқаспен байланыста болған адамдар оқшауланған.

"Бұл - 118 адам. Оның 50-і ауруханаға жатқызылды, 60 адам үйдегі карантинде", - деді ол "Хабар 24" телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифингте.

Сонымен қатар, Біржан Досмаилов коронавирус жұқтырған екінші науқасқа тоқталды.

"Ол 1981 жылы туған, Павлодар тұрғыны. 8 сәуірде науқас коронавирус инфекциясы белгілерімен ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты. Емделушінің айтуынша, ол 21 наурызда Қарағанды, Шымкент, Тараз қалаларында болған. Онымен байланыста болған 158 адам анықталды. Олардың алтауы стационарлық карантинде, 114 адам үйдегі карантинде жатыр. Ал 38 адам басқа облыста тұрады. Олар туралы тиісті мәлімет өңірдегі мекемелерге жіберілді", - деді ол.

Досмаилов алғаш коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас аурудан жазылғанын, кеше ауруханадан шығарылғанын атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 802-ге жетті. 60 науқас аурудан жазылды, 9 адам көз жұмды. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети