Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 февраля 2020 16:09

"Ресми статистикаға сенбеймін". Депутат халықты толғандырған мәселені көтерді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Құл-Махаммед Мұхтар Құл-Махаммед

Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед жұмыс күші аз солтүстік өңірге еңбек мигранттарын тарту мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед жұмыс күші аз солтүстік өңірге еңбек мигранттарын тарту мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында "Қазақстан үкіметі мен Өзбекстан үкіметі арасында заңсыз көші-қонға қарсы күресте ынтымақтасу жөніндегі келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды.

Отырыс барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед ішкі істер министрлігі өкілінен елімізде қанша өзбек азаматы заңды жұмыс істеп жүргенін сұрады.

"Мен кейде ресми статистикаға көп сене бермеймін. Бірақ ресми статистикалық дерек бойынша өткен жылы Қазақстанға 6 миллионнан астам адам келген. Оның ішінде 2 миллион 504 мың адам немесе олардың 41 пайызы Өзбекстаннан келіпті. Оның 502 мың 117-сі еңбек мигранты ретінде келген", - деді сенатор.

Сондай-ақ, ол бұл азаматтарды жұмыс күші аз солтүстік өңірге тарту мәселесіне қатысты сұрақ қойды.

"Қазақстандағы жұмыс күші жетпей жатқан, халық аз шоғырланған өңір - солтүстік өңір. Атап айтсақ, Солтүстік Қазақстан облысы. Бұл облыстағы халық саны көбеюдің орнына азайып барады. Еңбек мигранттарын ішкі еңбек нарығына қарай неге жібермейміз?", - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Депутаттың сауалына ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев жауап берді. Оның айтуынша, өзбек азаматтарының басым бөлігі еліміздің үш өңіріне ғана барады.

"Олар көбіне Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Түркістан облысына келеді. Бұл бір жағынан түсінікті. Өзбекстаннан келген еңбек мигранттары көбінесе құрылыс саласында еңбек етеді. Түркістан облысында ауқымды құрылыс жұмыстары жүріп жатқаны белгілі. Екінші құрылыс алаңы - Нұр-Сұлтан, үшіншісі - Алматы қаласы. Сондықтан олар осы жаққа келеді. 502 мың адамның барлығына рұқсат берілмеген. Алайда Өзбекстаннан келген 380 мың - 400 мың адам осы салада рұқсат алып жұмыс істеп жатыр", - деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ ол өзбек азаматтарын солтүстік өңірге тарту мәселесіне тоқталды.

"Солтүстік облысқа осынша құрылысшының қажеті жоқ. Ондағы әкімдіктің қойған өз квотасы бар. Сондықтан осындай диспропорция болып тұр", - деп түйіндеді сөзін Марат Қожаев.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети