ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
12 апреля 2018 | 13:06

Шен үшін ішу және "Чики-чики". Шенеуніктердің әдебін қалай түзейміз?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Марат Әбілов © Марат Әбілов

Бүгінде шенеуніктердің әдебі елімізде көп талқыланатын тақырыпқа айналды. Әлеуметтік желілерде де шенеуніктердің жүгенсіз әрекеті түсірілген видео қаптап кетті. Сәйкесінше, құзырлы органдар өз қызметкерлерінің әдеп-тәртібін қадағалауды күшейтіп, түрлі шаралар өткізе бастады. Осы шаралардың қатарында ар-намыс кодексі секілді әрбір органның ішкі консультациялық жолмен түсіндіру әдісі бар, алайда құзырлы орган атына кір келтіретін іс-әрекеттерді түп-тұқиянымен жоюға бұл жеткіліксіз екені анық. Сондықтан елімізде мемлекеттік шенеуніктердің жүріс-тұрысына, сырт келбетіне, әрекеттеріне тыйым салу да үйреншікті бола бастады. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі мемлекеттік шенеуніктердің әдеп-тәртібін елімізде және шетелде қалай түзеуге көшкенін шолып, мақала дайындады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде шенеуніктердің әдебі елімізде көп талқыланатын тақырыпқа айналды. Әлеуметтік желілерде де шенеуніктердің жүгенсіз әрекеті түсірілген видео қаптап кетті. Сәйкесінше, құзырлы органдар өз қызметкерлерінің әдеп-тәртібін қадағалауды күшейтіп, түрлі шаралар өткізе бастады. Осы шаралардың қатарында ар-намыс кодексі секілді әрбір органның ішкі консультациялық жолмен түсіндіру әдісі бар, алайда құзырлы орган атына кір келтіретін іс-әрекеттерді түп-тұқиянымен жоюға бұл жеткіліксіз екені анық. Сондықтан елімізде мемлекеттік шенеуніктердің жүріс-тұрысына, сырт келбетіне, әрекеттеріне тыйым салу да үйреншікті бола бастады. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі мемлекеттік шенеуніктердің әдеп-тәртібін елімізде және шетелде қалай түзеуге көшкенін шолып, мақала дайындады.

Шетелдік мемқызметшілердің әдебі

Таяуда Түрікменстанда мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың шенеуніктеріне тырнақ бояп, өсіруге, кірпік өсіруге, шаш бояуға және алтын бұйымдарды тағуға тыйым салу туралы норма енгізіп, наурыздан бастап күшіне енген. Тіпті қаладағы сұлулық салондарында қызметтің бұл түрлері тізімнен алынып, елге кірпік пен тырнақ өсіруге арналған материалдарды әкелуге тыйым салыныпты. Ал осыдан кейін әйелдерге арналған осындай өнімдердің бағасы 50 пайызға дейін қымбаттап кеткен.


© gm-dar.livejournal.com

Сондай-ақ, жақында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев шенеуніктерге тойларға баруға тыйым салған болатын. Президент премьер-министрлер, әкімдер мен атқарушы билік органдарының өкілдеріне үйлену тойларына баруға болмайтынын айтқан еді. Мирзиеевтің айтуынша, шайхана маңынан мемлекеттік көліктер байқалған жағдайда иелері жұмыстан қуылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Ал Қытайда 2013 жылдан бері мемлекеттік шенеуніктер зәулім үйлерде тұра алмайды және қымбат көлік жүргізбейді, бағасы шарықтаған алкоголь іше алмайды. ҚХР-дың Қазақстандағы сол кездегі елшісі Лэ Юйчэн бұл тыйымнан кейін елде айтарлықтай жағымды көрсеткіштерге қол жеткізілгенін айтқан еді. "Қазір қымбат арақ сатылмайды, оны сату қиын, ешкім сатып алмайды. Партия мүшелерінің өмір салты да айтарлықтай жақсарды, олар сөйтіп, халықтың ықыласына бөленді", - деп мәлімдеген еді.


© VSE42.Ru

Тыйымдар біздің елде баршылық. Алайда шет мемлекеттердегі мұндай тыйымдар біздің елдің шенеуніктеріне қаншалықты керек деген орынды сұрақ туындайды. Мұндағы мәселе адамның жеке өміріне, конституциялық құқықтарына қарсы келмей ме дегенге саяды. Бұл сұрақты заңгерге қойып көрген едік.

Заңгер Абзал Құспанның айтуынша, мемлекеттік қызметке келген адам алдын ала қандай да бір тыйымдар мен шектеулер салынатынына моральдық тұрғыдан дайын болуы керек.

"Жалпы мемлекеттік қызметте әртүрлі шектеулер мен тыйымдардың болатынын өте дұрыс деп санаймын. Ол байлығымен мақтануы тиіс емес, ашық-шашық киініп жүруге тиісті емес, қоғамдық орында ол өзін мәдениетті ұстай білуі қажет. Себебі ол - мемлекеттің өкілі", - дейді Абзал Құспан.

Дегенмен заңгер "шектеудің де шектеуі болуы керектігін" айтады. Айтуынша, жалпы киім үлгісі бойынша қойылатын талаптар тікелей мәжбүрлі түрде болмаса да, рекомендациялық тұрғыдан болғаны дұрыс. 

Заңгер Түрікменстандағы шенеуніктерге қатысты салынып жатқан тыйымдар туралы да пікірін білдірді.

"Меніңше, ол жақта болып жатқан мәселелер, яғни, мемлекеттік қызметкерлерге салынып жатқан тыйымдарды дұрыс деп санаймын. Және бұл тек уақытша сипатта болса, дұрыс деп есептеймін. Яғни, белгілі бір мәдениетті, белгілі бір салтты қалыптастырып алғанша осындай тыйымдарды уақытша қолдануды дұрыс деп есептеймін", - дейді Абзал Құспан.

Заңгердің айтуынша, мұндай шектеулер қойылғанда көп жағдайда адамдар өзіндік "Мен" дегенін, ерекшелігі мен жұмысқа деген құлшынысын жоғалтады. 

"Дегенмен мемлекеттік қызметкердің жеке кеңістігі болуы керек. Шектеу болуы керек, ол сөзсіз. Жалпы шектеулердің болуын мен 100 пайызға қолдаймын. Себебі ол мемлекеттің өкілі. Мемлекет деген ұғым сол адамдарға қарап қалыптасады", - дейді заңгер Абзал Құспан.

Сондай-ақ, ол үкімет мемлекеттік қызметкерлерге салынатын тыйымдар бойынша үкім немесе қаулы шығармас бұрын оның халыққа дұрыс түсіндірілуі керектігін айтады. Заңгердің айтуынша, қандай да бір шектеу немесе тыйым салу алдында халықпен ақылдасып, әлеуметтік сауалнама жүргізіп, халықты алдын ала дайындап алу керек. 

Осыған байланысты Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлерге қандай тыйымдар салынғанын еске салып көрейік.

Шенеуніктің жүріс-тұрысы

"ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" заңда қазақстандық шенеуніктерге қызметтен тыс уақытта қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеу керектігі айтылады.

Сондай-ақ, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңында да еліміздегі шенеуніктердің негізгі міндеттері мен қызметтік тәртiп пен әдепті сақтау керектігі, адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуі тиіс екені көрсетілген.

Мұнымен қоса, мемқызметкерлерге тіпті мереке күндері өздерін қалай ұстау керектігі туралы ереже айтылған еді. Органдағылардың айтуынша, мемлекеттік органдардағы қызметкерлерге қиқарланған түр көрсету жараспайды. Яғни, ар-намыс кодексін қатаң түрде сақтауы тиіс. Сондай-ақ, шенеуніктердің қандай да бір іс-шара барысында өзін ерсі ұстап, ерекшеленбеуі керектігі айтылған болатын.

Айта кетейік, таяуда ғана шен үшін ішкен шенеуніктердің видеосы әлеуметтік желілерде таралған еді. Интернетте пайда болған видеода үш әйел былай дейді: "Құрметті офицерлер, кезекті әскери шен алу үшін алып қоюға рұқсат етіңіз", - дейді де шыны стақанға құйылған сұйықтықты ішеді. Осы әрекет демалыс орындарының бірінде түсірілген. Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланған. 

Кейін олардың ҚР Қорғаныс министрлігінде қызмет ететіні анықталып, қатаң сөгіс жарияланды. 

Сонымен қатар, қоғамдық орындарда мас күйінде ұсталған мемқызметкерлер жұмысынан айырылады. ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі вице-министрі Айгүл Шайымованың айтуынша, теріс қылық жасаған шенеуніктерге жұмыстан шығаруға дейінгі тәртіптік жауапкершілік қарастырылған.

Мысалға келтірсек, 2015 жылы Интернетте жұлдызға айналған шалқарлық шенеуніктің әрекеті талқыланған еді. Шалқар қаласы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басшысы Аян Қорқытұлының үстінен тәртіптік іс қозғалып, ол тәртіптік кеңеске шақырылған еді.

 


Аян Қорқытұлы.

Жергілікті тілшіге қыңыр жауап қайтарған Аян Қорқытұлы қызметімен қош айтыса жаздаған болатын. Тәртіптік кеңес оны қызметіне толықтай сәйкес емес деп шешкен еді.

Шенеунік әлеуметтік желілерде 

2016 жылдың елімізде шенеуніктерге жұмыс кезінде смартфон қолдануға тыйым салынған болатын. Барлық мемлекеттік орган қызметкерлерінің жұмысқа кірер алдында планшеттер мен ұялы телефондарын өткізетіні айтылған еді. Осы орайда желіге салған суреттері үшін жазаланған қызылордалық шенеунікті айта кетуге болады. Оған қатысты  "ескерту" түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.


© Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.

Сондай-ақ, ШҚО-да да бір-біріне қару төсеп немесе ішімдік ішіп отырған суреттерін желіге салған шенеуніктер жазаланған.

Шенеуніктің кескін-келбеті қандай болуы керек?

Қазнетте кеңінен талқыланған Астана қаласы бойынша Ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаеваның шаш үлгісін айтып өту керек.


Гүлвира Дөненбаева.

Әлеуметтік желі қолданушылары мемқызметкердің мұндай шаш үлгісін ерсі деп таныған еді. Дегенмен еліміздегі шенеуніктерге осындай шаш үлгісімен жүруге еш ережеде тыйым салынбаған. Бұл тек Желі қолданушылары арасында біраз шу шығарған еді.

Шенеуніктің көлігі қандай болуы керек?

Қазақстандық шенеуніктерге қызметтік көліктерін жеке шаруасына мінуге тыйым салынады. Осылайша, олардың жүріс-тұрысы мен басқан қадамы бақылауға алынып отыр. Әлеуметтік желіде мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік көліктерді жеке мақсатқа мініп жүргендері жайлы айтылған еді. Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шенеунігі Марат Төлібаев әлеуметтік желіде мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік көліктерді басқа мақсаттарға пайдаланатынын айтқан еді. 

"Мейрамханалар, фитнесс-клубтар, дүкендер мен әсемдік салондары маңынан мемлекеттік қызметтік автокөліктерді жиі көремін. Кейде олардан мемлекеттік қызметкерлердің өзі емес, олардың әйелдері мен балалары шығып келе жатады. Неге екені белгісіз, бізде бұл қалыпты жағдай саналады. Мемлекеттік шенеуніктер бұған тіпті қысылмайды да", - деп жазған еді ол Facebook желісіндегі парақшасында. 

Заң бойынша қызметтік көлік тек жұмыс уақытында ғана пайдаланылуы керек немесе қызметтік іссапарға шығу кезінде. Оның өзінде құжаттардың барлығы расталуы керек екен. Қызметтік көлік жұмыстан тыс уақытта жеке мақсатқа пайдаланылса, шенеуніктерге қатысты жаза тағайындалады.


© REUTERS

Сондай-ақ, 2014 жылы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметкерлерге шетелдік көліктерден бас тартып, тек отандық көліктерге отыруды тапсырған болатын. Мемлекет басшысы бұл талаптың мемлекеттік қызметкерлермен қатар, кәсіпкерлерге де қатысты екенін айтқан еді. Бұл тапсырманы алғашқылардың бірі болып Әсет Исекешев орындаған болатын. 2012 жылы Индустрия және жаңа технологиялар министрі болған ол елімізде өндірілген автокөлікке отырған еді.

Аз-кем статистика

Статистика мәліметтеріне сүйенетін болсақ, елімізде бір мемлекеттік қызметкерге 170-ке жуық азаматтан келеді екен. Сондай-ақ, осыдан 1-2 жыл бұрын шенеуніктердің тең жартысының әйелдер екені айтылған еді. Ал еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің орташа жасы - 39 екен. Яғни, мемқызметкерлердің жалпы санының 31 пайызы - 30-40 жас аралығындағылар болып шықты.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer