СКАЧИВАЙТЕ НАШЕ ПРИЛОЖЕНИЕ

Ішкі істер министрі мінсіз қызметімен көзге түскен полицейлерді марапаттады

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© polisia.kz © polisia.kz

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мінсіз қызметімен көзге түскен полицейлерді марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мінсіз қызметімен көзге түскен полицейлерді марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - қазақ елінің тарихына алтын әріппен жазылған тарихи мереке. Биыл Тұңғыш Президенті күні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына сәйкес келіп отыр. Еліміздің тәуелсіздікке жетуі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен тығыз байланысты. Еліміз 50 дамыған мемлекеттің қатарына кірді. Азаматтарға жан-жақты жағдай жасалды. Олардың құқықтары мен бостандықтары қорғалып, ұлтаралық келісім және азаматтық қоғам қалыптасты. Елбасының бастамасымен көптеген реформалар жүзеге асты. Соның бірі - ішкі істер органдарындағы "Жол картасы". Осы реформаның нәтижесінде қызметкерлердің жалақысы өсті. Үйге компенсация алатындардың саны өсті. Енді басты міндет - халықтың сенімінен шығу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Жол картасын" сапалы іске асыру үшін нақты тапсырмалар берді. Ішкі істер органдарының қызметкерлері осы тапсырмаларды абыроймен атқарады деп сенемін", - деді Ерлан Тұрғымбаев

Ведомство басшысы барша қазақстандықты айтулы мерекемен құттықтай отырып, мінсіз қызметімен танылған қызметкерлерге медальдар, төсбелгілер, грамоталар мен алғыс хаттар табыстады.

Елбасы күніне орай ішкі істер министрлігінің 202 қызметкерімен қатар аймақтық бөлімдерден 1211 маман марапатқа лайық деп танылды. 46 полицейдің шені бір сатыға өсіп, 28 қызметкер мерзімінен бұрын шенді болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer