Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
15 марта 2021 13:00

У ішіп қойған. Әкесін қар үстінде сүйреген баланың суреті тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде науқасты үйінен көлікке дейін қар үстінде сүйреген фельдшер мен баланың суреті тарады. Жедел жәрдем көлігі жол тазаланбауына байланысты науқастың үйіне жете алмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Желіде науқасты үйінен көлікке дейін қар үстінде сүйреген фельдшер мен баланың суреті тарады. Жедел жәрдем көлігі жол тазаланбауына байланысты науқастың үйіне жете алмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл оқиға Қостанай облысында болған. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның мән-жайын айтып берді. 

Желіде тараған суретте фельдшер науқасты көлікке дейін қар үстінде сүйреп бара жатқаны көрсетілген. Фотода ешқандай жол жоқ екені, бәрін қар басып тастағаны анық көрінеді. Науқастың үстіне қалың көрпе жабылған. Фельдшермен бірге науқасты оның баласы да сүйреген.

Ведомстводағылар сурет 11 наурызда түсірілгенін хабарлады.

"Расымен, фото 11 наурызда Арқалық ауданы Родина аулында түсірілген. Жедел жәрдем бригадасы үйге жете алмай, жағдайды бағалап, науқасты үйінен көлікке дейін 200 метр тасымалдаған. Науқас су ішемін деп шатасып, улы зат ішіп қойған. Ол Арқалық ауданына жеткізілді. Ер адам ауруханаға түскенде жағдайы ауыр болды. Бір тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатты. Қазір жағдайы жақсарып, терапия бөліміне ауысты. Қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді ведомство баспасөз қызметіндегілер. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.57   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети