Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 марта 2020 10:21

Сумах өсімдігінің коронавирустан емі бар ма? ҚМДБ пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: en.wikipedia.org Фото: en.wikipedia.org

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әлеуметтік желіде тараған "сумах өсімдігі - коронавирустың емі" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі muftyat.kz-ке сілтеме жасап.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әлеуметтік желіде тараған "сумах өсімдігі - коронавирустың емі" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі muftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпарат Түркияда тараған. Түркияның Шырнақ ауданы Жизре ауылындағы намаз оқитын бір әйел түсінде пайғамбарды көріпті. Пайғамбар әйелге "Сумахты суға араластырып ішкен адам коронавирусты жұқтырған кісі болса, аурудан құлан-таза айығып кетеді, ал жұқтырмаған кісі ішсе коронавирус оған жұқпайды" депті-мыс.

Бұл мәселеге қатысты белгілі ұстаз, ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшесі Бауыржан Әлиұлы пікір білдірді.

"Біріншіден, мына мәселені түйсініп алайық. Түстің негізінде діни, яғни сенім, фиқһи (шариғи) мәселелер қалыптаспайды. Емдік мақсатта ішуге қолданылатын дәрілер де, өсімдіктер де шариғаттың шеңберіне кіреді. Екіншіден, Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түсте көруге әбден болады. Оған дау жоқ. Бірақ әлгі апайдың көргені әрі кетсе тек сол апайға ғана қатысты болады", - дейді ол.

Оның айтуынша, сумахтың шынымен де емдік қасиеті бар.

"Асқазан ауруларына, қуықтың қабынуына (циститке) пайдасы бар. Сондай-ақ ғасырлар бойы араб пен түріктің тамағында дәмдеуіш ретінде пайдаланылып келеді. Сондықтан емді дәрігерлеріміздің кеңесінен іздейік. Елімізде енгізілген төтенше жағдайдың тәртібіне бағынайық. Сумах іздеп кетпейік", - дейді Бауыржан Әлиұлы.

Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әлеуметтік желіде тараған бұл ақпарат жарнама болуы мүмкін екенін де жоққа шығарған жоқ.

Айта кетейік, сумах өсімдігі Африка, Шығыс Азияда өседі. Бұл өсімдік Түркияда көбіне дәмдеуіш ретінде қолданылады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети