23 июля 2018 | 12:37

Тараздық жеті айлық сәбиге кореялық әйгілі хирург тегін ота жасады

Әлемге әйгілі кореялық хирург Так Мин Сон Сеулде тараздық 7 айлық қазақ қыз Әдияға операцияны тегін жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлемге әйгілі кореялық хирург Так Мин Сон Сеулде тараздық 7 айлық қазақ қыз Әдияға операцияны тегін жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Тараздық жас ата-ана қыздарының физиологиялық ауытқуы барын жүктіліктің 22-ші аптасында білген. Баланы алдырып тастау туралы кеңестерге қарамастан, олар сәбиінің бақыты үшін соңына дейін күресуге бел шешкенін айтады.

Реклама
Реклама

"22 аптасында білдік, УЗИ-ге барып түскен кезде айтты осындай диагноз, осындай ауытқу болатынын. Ең бірінші УЗИ түсіргенде ұзақ қарады, ішім біртүрлі бірдеңе сезгендей болды. Жәй айтты расщелинасы бар деп. Жылай бастадым, күйеуім түсінбей қалды, қасымда болған. Сосын сабырға шақыра бастады. Ештеңе етпейді мұның бәрі емделеді деді. Сосын генетиктерге бардық. Сосын генетиктар "Не қыласыңдар мұндай баланы туып. Жассыңдар әлі. Ештеңе етпейді, тағы да туып аласыңдар. Мерзімін кішкене азайтып, абортқа жіберейік" деп айта бастады. Оның үстіне қыз, сосын ол қызды кім күйеуге алады десті. Ертең сендерге рақметін айтпайды, не үшін осындай қып тудыңдар деп шеттетеді", - дейді көз жасын тыя алмаған ана Шашу.

Шашудың сөзінше, түсік жасатуды олар ойына да алмаған. Күйеуімен бірге олар қыздарының бақыты мен болашағы үшін қолынан келгенше күресуге бел буған екен. 

Таңдай мен еріннің жарығы - сәбидің бетінде болатын ақаудың кең таралған түрі. Халықта бұл физиологиялық ауытқуды "қоян ерін" және "қасқыр ауыз" (заячья губа) деп атайды. Мұндай физиологиялық ауытқудан ерін тіндері толықтай немесе бір бөлігі бітіспей қалады. Бұл ерінде кейде таңдайда да болады.

Таңдай мен ерін жарығы бет сұлулығы ғана емес. Сөйлеу жүйесіне қатысты бұлшық еттердің қалыпты дамымауы сәбидің тамақтануын қиындатады және кейін оның сөйлеуін нашарлатады. Мұндай ауытқудың орнын толтыру үшін бірнеше операция қажет. Егер операция сәтті жасалса, бұл кемістіктен толық құтылуға болады.

Әдияның ата-анасы оның дүниеге келісімен елімізде осындай операция жасай алатын дәрігерлерді бірден іздей бастаған. Осындай жағдайға тап болған ата-аналармен сөйлесіп, квотаны толтыру жолдарын қарастырады. Осылайша, Алматыға аттануды жоспарлайды. Алайда сәті түсіп, кішкентай Әдияға шетелде операция жасау мүмкіндігі туған екен.

Оңтүстік Кореяның астанасындағы Сунчонхян университеті жанындағы госпиталь бірнеше жылдан бері осындай физиологиялық ауытқуы бар шетелдік балаларға қайырымдылық операциясын тегін жасап келеді. Былтыр 4 жастағы Сырым атты Талғар қаласының балалар үйінің тәрбиеленушісіне де осындай операция тегін жасалған. Бұл жобаны Сеул әкімшілігі қаржыландырады. 

Дегенмен мұнда да қиындықсыз болмады. Жеті айлық сәбиге ұзақ жол әсер етті немесе климат ауыстыру жақпаған болса керек. Кішкентай Әдияның ыстығы көтерілді. Ұшақтан түсе сала анасы мен сәбиін клиникаға орналастырылды. Дәрігерлер баланы тексере келе бронхит барын анықтаған. Осыдан кейін баланы бірден емдей бастады, алайда, педиатор операция жасаға рұқсат бермеді де, оны кейінге шегеруге тура келді.

Екі күн ем жасалғаннан кейін Әдияның жағдайы жақсарып, сараптама қорытындылары жақсы нәтиже көрсетті. Операцияны аты әлемге әйгілі профессор Так Мин Сон жасады. Ота сәтті аяқталғаннан кейін бала наркоздан оянғанша жансақтау бөліміне ауыстырылды, посткеңестік емдеу жүйесінен тағы бір ерекшелік - Әдия есін жиғанша жалғыз жатқан жоқ, дәрігерлер Шашуды баласының жанында болуын сұраған.

Әдияға операция жасаған дәрігер отаның сәтті өткенін, алайда, бүлдіршінге әлі де ем керегін айтады. 

"Кез келген операцияда ең маңыздысы - оның қауіпсіз аяқталуы. Әрине, хирург ретінде нәтижеге 100 пайыз қанағаттана алмайсың. Бұдан да жақсырақ, әдемі етіп жасауға болатын сияқты болып көрінеді. Дегенмен операция сәтті өтті, ризамын. Алайда мені таңдай жарығына коррекция жасау бойынша операция алаңдатып отыр. Оны бір жыл ішінде жасау қажет. Біз бұл отаны біздің клиникада жасау үшін барымызды саламыз", - дейді профессор Так Мин Сон.

Осы кезде анасы Әдияны танымай қалғанын айтады. "Ұйықтап жатқан қызыма қарап, оны танымай қалдым. Қатты өзгерген. Онымен қайта танысып отырғандай әсер болды", - дейді анасы.

Бірақ, бұл негізінен таңдай мен ерінді бітістіруге арналған операция. Осыдан кейін ерінде із де қалмауы үшін тағы бір операция қажет екен. Сәтті жасалған операциядан кейін Әдия мен анасы елге оралды. Қазір қыздың жағдайы жақсы.

Материал Сунчонхян клиникасының қолдауымен дайындалды

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная