Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 января 2022 15:36

Тәртіпсіздіктер кезінде тоналған ломбардтан мүлікті қалай қайтаруға болады?

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде жыл басында болған тәртіпсіздіктер кезінде тоналған ломбардтарға мүлкін кепілге берген қазақстандықтар құнды әшекей-бұйым, гаджеттерін қайтара алмай отыр. Tengrinews.kz тілшісі заңгер Назгүл Жолдасбайқызымен тілдесіп, мұндай жағдайда не істеу керегін сұрады. 


Елімізде жыл басында болған тәртіпсіздіктер кезінде тоналған ломбардтарға мүлкін кепілге берген қазақстандықтар құнды әшекей-бұйым, гаджеттерін қайтара алмай отыр. Tengrinews.kz тілшісі заңгер Назгүл Жолдасбайқызымен тілдесіп, мұндай жағдайда не істеу керегін сұрады. 

Қаралы қаңтарда Алматының бір өзіне 128 миллиард теңгеден аса сомаға зала келді. 14 қаңтардағы жағдай бойынша, оның ішінде бизнес шығындары 86 миллиард теңге екенін айта кеткен жөн.

Заңгердің сөзінше, ломбард жасалған шарт бойынша қандай да бір жауапкершілік арқалайды, бірақ шартта төтенше жағдайлар да көрсетілген.

"Ол бойынша құқық қорғау органдары тоналған, ұрланған мүліктерді іздеу жұмыстарымен айналысады, олар табылған жағдайда иесіне қайтарылады. Сондықтан күтесіз", - дейді маман. 

Назгүл Жолдасбайқызы шығынға батқан кәсіпкерлерге өтемақы жеңілдетілген жүйемен төленетінін айтты. 

"Ол үшін кәсіпкерлер infoKazakhstan.kz порталына кіріп, қираған дүние-мүліктерінің фото, бейнесі мен құжаттарын тіркеуі керек екені хабарланды. Арыз электронды цифрлы қолтаңба арқылы қабылданады. Кәсіпкерлердің шығыны туралы өтініш шамамен 5 жұмыс күнінде қаралады. Содан кейін берілетін өтемақы мемлекеттік бюджеттен кәсіпкердің жеке есепшотына аударылады", - дейді ол.

Ал шығынын растайтын құжаттары жоқ кәсіпкерлер үшін өтемақы жасау мәселесі нақтыланып жатқанын айтты. 

"Аймақтық комиссия үш санат бойынша залалды қарастырады: жылжымайтын мүлік, жылжитын мүлік және үшінші категория ұрланған тауар және бүлінген тауар бойынша. Яғни ломбард шығыны толықтай не жартылай өтелген соң, шарт бойынша міндеттемелер орындалады. Ол үшін де уақыт керек", - деп түсіндірді заңгер.

Назгүл Жолдасбайқызы Қазақстанда тіркелген заңды тұлға міндетті түрде жазатайым оқиғадан сақтандыру шартын жасауы керек екенін де айтты.

 "Компания сақтандыру шартын жасаған болса, сақтандыру компаниясына хабарласып қандай да бір пайызын өндіріп алуға болады. Бірақ Алматы бойынша мұндай жағдай өте көп болғандықтан, әрқайсын жеке-жеке қарастыру қажет. Қай ломбард, олар заңды жұмыс істеген бе, сақтандыру компаниясымен шарт жасасқан ба, мұның бірі маңызды. Ал сақтандыруы жоқ болып шықса, ломбардтың өзі қалыпқа келтіреді", - деді маман. 

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети