05 июня 2019 | 20:43

Тәуліктік төлем 1 теңгеден миллионға дейін - Іссапар жайлы не білу керек

Фото: pixabay.com

Заң бойынша жұмысшылар іссапарға шыққан кезде олардың шығынын жұмыс беруші өтейді. Іссапарға атанғанда қанша көлемде ақша бөлінуі керек? Қаражаттың ең аз мөлшері қанша болуы тиіс? Ал мемлекеттік қызметкерлерге берілетін тәуліктік төлемнің сомасы қанша? Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы заңгер Нариман Сүлейменов айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Заң бойынша жұмысшылар іссапарға шыққан кезде олардың шығынын жұмыс беруші өтейді. Іссапарға атанғанда қанша көлемде ақша бөлінуі керек? Қаражаттың ең аз мөлшері қанша болуы тиіс? Ал мемлекеттік қызметкерлерге берілетін тәуліктік төлемнің сомасы қанша? Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы заңгер Нариман Сүлейменов айтып берді.

Нариман Сүлейменов, заңгер                   
Реклама
Реклама

Маманның сөзінше, ҚР Еңбек кодексі бойынша, іссапарға аттанған қызметкердің шығынын жұмыс беруші төлеуі тиіс. Бұл кодекстің 127-бабында көрсетілген. 

"Негізі іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы уақытына тәуліктік төлемдер қарастырылады. Сондай-ақ баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол шығындарын да жұмыс беруші өтейді. Оған қоса тұрғын үй-жайды жалға алу шығындары да төленеді", - дейді ол. 

Іссапар уақытында жұмыскердің жұмыс орны мен іссапар күндеріне келетін жұмыс күндері үшін жалақысы сақталап отырып, мынадай шығындары өтеледі:

іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы уақыты үшін тәуліктік төлемдер; баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол жүру шығыстары; тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленеді.

Іссапар шығынына шектеу жоқ

Алайда, Нариман Сүлейменовтің айтуынша, заң шығарушы органдар іссапарға аттанатын қызметкердің шығынының мөлшерін белгілемеген. 

"ҚР Еңбек кодексіне сай іссапар шығындары еңбек немесе ұжым шартында көрсетілуі тиіс. Ал тәжірибеде бұл шығындар еңбек шартында мүлде көрсетілмейді. Дегенмен көрсетілуі де мүмкін. Әдетте онда өте төмен сома белгіленеді. Қызметкер жол жүру мен жататын орынға кететін шығынды құжаттар арқылы көрсетіп, оны дәлелдей алады. Яғни шығын сомасын негіздеуге болады. Ал тәулікке тжасалатын төлемді есептеу қиынға соғады. Ел ішіндегі іссапарға 6 АЕК (2019 жылы - 2 525 теңге), ал шетелдік іссапарға 8 АЕК төленеді деген мәлімет бар. Бірақ бұл жалған мәлімет", - дейді ол.

Маманның айтуынша, тәулікке төленетін 6-8 АЕК дегеніміз Салық кодексі бойынша табыс салығы алынбайтын төлем. Тәуліктік төлемдер 1 теңгеден миллион теңгеге дейін болуы мүмкін. Ол еңбек шартында көрсетіледі. Яғни еңбек шартында көрсетілген сома тәуліктік төлем болып саналады. Заңгер бұл мәселе заң жүзінде қайта қаралып, түзелуі тиіс дейді. 

Мемқызметкерлерге берілетін төлем қандай?

"Ал мемлекеттік қызметкердің іссапарына жұмсалатын шығынды үкімет белгілейді. Мемлекеттік қызметкерлерге бюджет қаржысынан берілетін тәулік төлемі 2 АЕК қана екен, яғни 5050 теңге. Бұл төлем үкімет қаулысында белгіленген. Ал олардың жол жүруіне жұмсалатын сома оның қызметіне байланысты болады. Мысалы Сенат депутаты мен аудан әкімдігі қызметкерінің шығындары әртүрлі есептеледі. Бұл туралы біз айтқан баптың 6-бөлігінде былай деп көрсетілген: Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады", - дейді заңгер.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің жататын орны да әртүрлі белгіленеді. Мемлекеттік қызметкерлерге жататын орынның сомасы 2-10 АЕК көлемінде белгіленген. Мұнда да барлығы қызметкердің лауазымына және іссапардың аймағына байланысты. Яғни қала мен ауылдық жерлерге шығатын іссапардың шығыны өзгешеленді.

Кімдер іссапарға барудан бас тарта алады?

Сондай-ақ, маман іссапардан кімдердің бас тарта алатынын айтып берді. Ол 127-бабы бойынша, үш жасқа дейінгі балалары бар жұмыскерлер, егер медициналық қорытынды негізінде мүгедек балалар не отбасының науқас мүшелері тұрақты күтімді жүзеге асыруға мұқтаж болса, отбасының науқас мүшелерін күтуді жүзеге асыратын не мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы екенін айтады.

Бұдан бөлек, 18 жасқа толмаған жұмыскерлер, жүкті әйелдер, сондай-ақ мүгедек жұмыскерлер үшін мұндай жұмысқа медициналық көрсетілімдер бойынша тыйым салынбаған болса, оларды іссапарға жіберуге жол беріледі. Бұл ретте, аталған жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы екен.

Айта кететін тағы бір жайт, экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер үшін және бітімгершілік операцияға қатысқан жұмыскерлер, қызметкерлер үшін берілетін кепілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарында арнайы белгіленеді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная