ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА КАНАЛ TENGRI LIVE

"Тоя тамақтанбаңыз". Маман ыстықтан қалай қорғану керектігін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Соңғы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы 40 градустан асып жатыр. Шілденің аптабында далаға шығудың өзі қауіпті. Дегенмен көбі оның қауіпті екенін елемей, нәтижесінде медициналық көмекке жүгініп жатады. Терапевт-кардиолог, жоғары дәрежелі дәрігер Лейла Оспанова да күн қатты ысыған кезде аса қажеттілік тумаса, үйден шықпауға кеңес береді. Дәрігер Tengrinews.kz тілшісіне күн ыстық кезде қандай ережелерді сақтау қажеттігін және басынан күн өткен адамға қалай алғашқы көмек көрсету керектігі жайлы айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Соңғы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы 40 градустан асып жатыр. Шілденің аптабында далаға шығудың өзі қауіпті. Дегенмен көбі оның қауіпті екенін елемей, нәтижесінде медициналық көмекке жүгініп жатады. Терапевт-кардиолог, жоғары дәрежелі дәрігер Лейла Оспанова да күн қатты ысыған кезде аса қажеттілік тумаса, үйден шықпауға кеңес береді. Дәрігер Tengrinews.kz тілшісіне күн ыстық кезде қандай ережелерді сақтау қажеттігін және басынан күн өткен адамға қалай алғашқы көмек көрсету керектігі жайлы айтып берді.

"Күн ыстық кезде ең бастысы мүмкіндік болып жатса, үйден шығудың қажеті жоқ. Бірақ далаға шығу қажеттігі туып жатса, міндетті түрде су алып, бас киіммен шығу керек. Тағы ескеретін жайт, далаға шығар алдында тоя тамақтанып алуға болмайды. Егде жастағы адам болса немесе қысымы тұрақты болмаса, ең бірінші кезекте қажетті дәрілерді қабылдау қажет. Өзімен бірге дәрі-дәрмектері болуы қажет", - дейді Лейла Оспанова.

Сондай-ақ, дәрігер әрдайым өзімен бірге жеке құжаттарды, мекенжайы және ол адам науқас болса, диагнозы көрсетілген құжатты алып жүруге кеңес береді. Айтуынша, жедел жәрдем қызметкерлері сол құжатқа қарап, тез әрекет ете бастайды.

Мұнымен қоса, терапевт-кардиолог күн ыстықта қандай адамдардың сырқаттанып қалу қаупі жоғары екеніне тоқталды. 

"Көбіне ыстықтан егде жастағы адамдар сырқаттанып жатады. Сондай-ақ, балалар. Көбіне қысымы жоғары және жүрегі ауыратын адамдар келеңсіз жағдайларға тап болады. Мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек қыспасы (стенокардия), артериалды гипертония сияқты диагнозы бар адамдар", - деп түсіндірді Лейла Оспанова.

Айтуынша, осындай аптап ыстық күндері көбіне гипертония, гипертензия және өкпе аурулары асқынады. Сондай-ақ, маман осы кезеңде аллергиялық аурулардың асқынатынын айтады.

Ал "Басынан күн өткен адамға қалай алғашқы көмек көрсетуге болады?" деген сұраққа маман былай деп жауап берді:

"Ол сіздің көз алдыңызда құлап кетіп, есінен танса ең бірінші кезекте оған кішкене су беру керек. Ұйқы күретамырларындағы пульсті тыңдап, бірден жедел жәрдем шақыру керек. Науқастар көбіне көлеңкеден немесе су ішкен соң есін жияды. Бірақ науқас ұзақ уақыт өзіне келмей жатқан жағдайда, оны асфальтқа емес, шөпке жатқызу керек". Сондай-ақ, ол мұнда ең бірінші кезекте дәрігерлердің көмегі қажеттігін айтады.

Мұнымен қатар, дәрігер қант диабетіне шалдыққан науқастардың күн ыстықта өзімен бірге кәмпит немесе мұз кәмпиттерді алып жүретінін айтады. Айтуынша, осы кәмпиттер аптапта науқастың ағзасындағы қант деңгейін реттей алады.

Еске сала кетейік, осыған дейін бас және мойын (қалқанша безі) қатерлі ісігінің хирургы, онколог Дәурен Әділбай қандай адамдарға күнге ұзақ уақыт күю қауіпті екенін айтып берген болатын. Хирургтың айтуынша, ультракүлгін сәулесін шектен тыс алу тері қатерлі ісігіне әкеп соқтыруы әбден мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 501.83  course up  519.8  course up  5.31  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer