Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 июня 2021 13:22

Туристер баратын орындарда ұялы байланыс болуы үшін Үкіметтен қаржы керек - Мусин

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Туристер баратын ұлттық саябақтар мен шалғай аймақтарда ұялы байланыс сигналы болуы үшін қыруар қаржы керек. Бұл туралы министр Бағдат Мусин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Туристер баратын ұлттық саябақтар мен шалғай аймақтарда ұялы байланыс сигналы болуы үшін қыруар қаржы керек. Бұл туралы министр Бағдат Мусин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, шалғай жерлерде сигнал тарататын құрылғалар орнату жұмыстарына қажетті қаржыны есептеу жүріп жатыр. 

"Ұлттық саябақтар мен туризмге жауапты министрлікпен кеңесіп отырмыз. Ұлттық саябақтарда, туристер баратын алшақ жерлерге ұялы байланыс сигналын жеткізу үшін базалық станциялар керек. Ол станциялардың өздігінен құрыла салмайтыны белгілі, сондықтан антенналық діңгек құрылымы қажет, ол айтарлықтай қиын жұмыс емес, бірақ энергетиканы жеткізу қиын. Сол үшін бұл жұмыстардың барлығы бағаланып, қанша қаражат керек екенін тиісті орындарға жеткіземіз", - деді Мусин "ҚР ЦДИАӨ министрінің халық алдындағы есеп беру кездесуінің қорытындысында.

Министрдің айтуына қарағанда, туристер баратын орындар емес, қазірдің өзінде көпшілік ауылда да сапалы Интернет жоқ. 

"Алыс өңірлерде немесе тау, далаларда сигнал болуы үшін энергетикалық кабель жүргізу қиын жұмыс. Біз қазіргі таңда 1200 ауылды сапалы интернетпен қамти алмай отырмыз. Туристік әлеуетті дамытып, ұялы байланыс сигналын беру үшін мемлекеттің қаржы бөлгені керек", - деді Бағдат Мусин.

Еске салайық, 27 мамырда Түркістан облысы тауларында жеті турист жоғалып кеткен болатын. Назарбаев университетінің баспасөз қызметі жоғалып кеткен саяхатшылардың алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлаған болатын. 21 мамырда университеттің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шығып кеткен.

Кейін жоғалып кеткен жеті жігіттің үшеуі табылғаны хабарланды. Олар екі топқа бөлінген. 29 мамырда ТЖМ ресми өкілі Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің мәйіті табылғанын мәлім етті. Тағы екі жігітті іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.32   490.7   4.78 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети