ПОДЕЛИТЬСЯ
10 июля 2019 | 22:21
Түркістан әкімі қаланың жаңа логотипінің жобасын жариялады
Түркістан әкімі Рашид Аюпов қаланың жаңа логотипінің жобасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан әкімі Рашид Аюпов қаланың жаңа логотипінің жобасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сіздерге Түркістанның жаңа логотипінің жобасын ұсынамын! Біз онда ежелгі және қазіргі заманғы миксті көрсетуге тырыстық. Қала өзінің тарихи келбетін сақтай отырып, заманауи болуы керек. Логотиптің негізгі сарыны Жібек жолы бойындағы қозғалыс. Таяуда ол қоғамдық тыңдауда, содан кейін мәслихат сессиясында талқыланатын болады", - деп жазды Facebook желісіндегі парақшасында қала әкімі Рашид Аюпов.
Аюповтың айтуынша, егер бұл жоба бекітілсе, жаңа логотип қаладағы көптеген нысандарда пайда болады.
© facebook.com/rashid.ayupov
Еске салайық, Елбасы - Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев былтыр 19 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы жарлық шығарған еді. Назарбаев "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңының 3-бабы 1-бөліміне сай Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы болатыны, ал халқының саны миллионға жеткен Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгені туралы жарлығын жариялаған болатын.
Түркістан қаласының қазіргі логотипі
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также